• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңір басшысы Асайын Байханов жалпы облыстық күзгі сенбілікке қатысып, коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

Коммуналдық қызметтер техникалардың толықтай дайындығын және жанар-жағармай қорлары туралы баяндады. Жалпы облыс орталығында 230 бірлік қар тазалайтын техника бар. Күн сайын қала көшелерін тазалауға шамамен 180-200 жұмысшы шығады. Қар шамадан тыс жауған кезде қосымша 70 бірлікке дейін техника жалға алынады, сондай-ақ, жұмысшылардың да саны артады.
 
- Сіздердің жұмыстарыңыздың ең басты көрсеткіші халықтан шағымдардың түспеуі. Шағымдар болмаса, онда біздің де сіздерге сұрағымыз болмайды, - деп атап өтті өңір басшысы.
 
Одан кейін облыс әкімі өз ауласына сенбілікке шыққан Баян батыр көшесі, 2 үйінің тұрғындарымен кездесті. Сол жерде өңір басшысына «Спецмашин» ЖШС-нің жаңартылған арнайы техникалары таныстырылды: кәсіпорын кезең-кезеңімен тік тиегіші бар ескі қоқыс таситын көліктерді қоқысты сығу жүйесімен жабдықталған фронталды тиегіші бар жаңа көліктерге ауыстыруда. Биыл кәсіпорын 18 көлік сатып алды, келесі жылы тағы 20 көлік сатып алу жоспарлануда.
 
Қала әкімдігімен жаңа әрі сыйымды еуроконтейнерлер қойылатын 250 қоқыс алаңы жабдықталуда. Бүгінгі таңда 200 алаң жабдықталды, тағы 50 алаң жыл соңына дейін аяқталады.
 
Облыс әкімі қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеудің негізгі бағыттарын атап өтті.
- Еуроконтейнерлер әдемілік үшін орнатылып жатқан жоқ. Қаладан жылына 150 мың тоннадан астам қоқыс шығады, сондықтан, бұл көлемнің барлығы аудандарда ұшпауы үшін тиісті қоршаулар мен қақпақтар болуы керек.
Өзгерістердің келесі кезеңі пластикті, қағазды, металды және шыныны бөлек жинау болады. Бірінші кезекте сұрыптауды бизнес нысандарында (кафелер, мейрамханалар, ірі супермаркеттер және т.б.) енгізу жоспарлануда, - деп түсіндірді облыс әкімі.
 
Сондай-ақ, өңір басшысы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында 2025 жылы құрылысын бастау жоспарланған заманауи сұрыптау кешенінің жоспарымен бөлісті.
 
Қаланы аралау барысында Асайын Байханов 2021 жылдың күзінде, 2022 жылдың көктемінде және 2023 жылы Спорт сити ауданында отырғызылған ағаштардың жерсінуін тексерді. Бұл жерде ештеңе өспейді, көшеттер құмды топыраққа және т.б. себептерге байланысты тамырларын жая алмайды деген пікірлер болды. Алайда, сорттарды таңдау, суару тәсілін өзгерту өз нәтижесін берді. Нәтижесінде мамандардың бағалауы 98% жерсіну деңгейін көрсетті.
 
Биыл жасыл белдеу аумағында 22 мыңға жуық көшет отырғызылды. Облыс орталығын көгалдандырудың жаңа кезеңі қураған ескі ағаштарды кесіп орнына жаңа ағаштар отырғызу болды, бұл ретте топырағы ауыстырылды, тыңайтқыштар қосылды, кесек тастар алынып тасталды. Күзгі сенбілікте Астана көшесіндегі ескі апатты жағдайдағы және ауруға шалдыққан ағаштардың орнына ірі аллея ағаштары отырғызылды.
Алдағы уақытта жөке, пирамидалды терек, үйеңкі және басқа да жапырақты ағаш түрлерін отырғызу арқылы жыл сайын қала көшелерінің жасыл қорын қайта жаңарту жоспарлануда.
 
Ак. Сәтбаев-Ломов көшелерінің қиылысында облыс әкімі ауыстырылған ескі субұрқақты тексерді. Мұнда демалыс аймағы абаттандырылып, жарық шамдары, орындықтар орнатылды, кесек тастар төселді.
 
Усолка өзенінің жайылмасында өткен сенбілікке Асайын Байханов қала тұрғындарымен, қоғам қайраткерлерімен, депутаттармен және мемлекеттік қызметшілермен бірге қатысты. Сондай-ақ, жаңа эко-саябақты абаттандыру жоспарымен танысты.
- Бүгін қаланың аулалары мен көшелерін тазалау бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Немқұрайлы қарамаған және ортақ үйімізді тазалауға қатысқан әрбір адамға алғыс айтамын, - деді облыс әкімі.
 
Қыс мезгілі қарсаңында ауқымды тазалау облыстың барлық аудандарында өтті. Жалпы облыстық сенбілік өңірдің үш қаласы мен барлық 352 ауылында өткізіліп, оған 90 мыңнан астам ерікті адам қатысты.

  • 21.10.2024
  • 104
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика