- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
«Абай» операсы араға 66 жыл салып Үлкен театр сахнасында мәскеулік көрерменмен қайта қауышты
«Астана Опера» әртістері Үлкен театрдың Жаңа сахнасында «Абай» операсын сахналады.
Қойылым алыс-жақын шетелдердің үздік опералары келетін «Видеть музыку» халықаралық фестивалі аясында көрсетілді.
Гастрольдік сапар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің және Үлкен театр әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Қойылымды тамашалауға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев және басқалар қатысты.
- 28.10.2024
- 17