- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Республика күні қарсаңында мәдениет және өнер қайраткерлері марапатталды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» орталық концерт залында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, журналистер, ақпарат саласының қызметкерлері қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
«Сіздердің қажырлы еңбектеріңізді ескеріп, Президентіміз бүгін мемлекеттік наградалар туралы жарлық шығарды. Бұл барлығымыз үшін үлкен сүйінші хабар. Себебі, әр адам үшін өз еңбегінің бағалануы – үлкен бақыт. Бұл біздің салаға берілген жоғары баға әрі мәртебе деп білеміз», – деді Аида Балаева.
Министр ҚР Президентінің атынан елдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар мәдениет және өнер саласының қайраткерлеріне марапаттар табыстады. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен белгілі эстрадалық әнші Майра Ілиясоваға және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры бас дирижерінің орынбасары Абзал Мұхитдинге «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді.
- 28.10.2024
- 72