- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қостанай облысын жылумен қамтамасыз ету: нәтижелер мен жоспарлар
Қостанай облысын жылумен қамтамасыз ету: нәтижелер мен жоспарлар
1 қазанда жылыту маусымы басталды. Биыл шамамен 17 млрд теңгені құрайтын 18 жоба жүзеге асырылып, 24 шақырымға жуық жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.
Әлеуметтік нысандардан қазандықтарды шығару аяқталды: балалардың қауіпсіздігін жақсарту үшін соңғы 13 қазандық шығарылды.
Негізгі міндет — жылумен жабдықтаушы ұйымдар үшін көмір қорын қамтамасыз ету. Әкімдіктерге дайындықты толық көлемде аяқтау тапсырылды.
Тұрғындарға өтініш: пешке от жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар. Пеш пен мұржаларды тексертіп, балаларды қараусыз қалдырмаңыз. ТЖ департаментіне тұрмысы төмен отбасыларға барып, жылу жүйелерін тексеру қажет.
- 04.11.2024
- 12