• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында құрылыс саласында 282 жоба жүзеге асуда

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 117,8 пайызға орындалды (жоспар 110,2 %). Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.

Басқосуда құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орымбаев жоспарланған жұмыстардың барысы мен саладағы өзекті мәселелер туралы баяндама жасады.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында 282 жобаның құрылысы жүруде. Биыл 201 нысан, қалған 81-і келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бүгінге дейін 71 нысанның құрылысы аяқталды.

10 айдың қорытындысы бойынша 577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (жоспар 750,0 мың шм).

Өңірде 2 909 пәтерлі 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде.

Бұдан бөлек, 14 шағынауданда 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Биылғы жылдың қорытындысына сәйкес 2 749 пәтерлі 54 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілетін 354 пәтер сатып алынады. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен жекешелендіру құқығымен жалға берілетін 1 221 пәтер сатып алу көзделген.

Жалпы биыл сатып алу тетігі арқылы 1 575 осал топтағы азаматтар арендалық тұрғын үймен қамтылады. Былтырғы жылмен салыстырғанда пәтер 2 есеге (2023 – 864 пәтер), ал қаражат көлемі 3 есеге (2023 – 7,8 млрд., 2024 – 23,2 млрд) артты.

Сонымен бірге 82 инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысына 13,7 млрд.теңге қаржы қаралған.

Ербол Қарашөкеев биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтаудың маңыздылығына тоқталып, өз міндеттерін орындамаған, олқылықтарға жол берген мердігерлерге заң аясында қатаң шаралар қабылдауды ескертті.

Аудан әкімдерінен тұрғындарға арналған баспаналарды сатып алу шараларын жеделдетуді талап етті.

Басқосуда Тараз қаласы мен аудан әкімдері қолға алынған құрылыс жұмыстарының қарқыны бойынша есеп берді.

Аппараттық кеңесте «қызыл сызық» құрылыс нормасының сақталуы туралы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев баяндама жасады.

Ербол Қарашөкеев аталған мәселе бойынша жауаптыларға жұмысты жүйелеп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

  • 06.11.2024
  • 97
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика