• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Республика күні қарсаңында Шарбақты ауданында жаңа үйлердің кілттері табысталып, хоккей корты ашылды.

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Шарбақты ауданына барды. Ең алдымен аймақ басшысы орташа жөндеуден өткен Шарбақты-Солтүстік-облыс шекарасы автожолын тексерді. Мұнда жол жұмыстары тамыз айында басталып, 24,8 км жол төсемі жаңартылды.
 
Одан кейін облыс әкімі Шарбақты ауылының Энергетиктер көшесінде салынған екі пәтерлі 3 үйдің кілттерін табыстау рәсіміне қатысты. Бұл үйлерді жеке тұлға салып, 6 көпбалалы отбасы үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынды.
 
Асайын Байханов жаңа қоныс иелерін көптен күткен баспаналарымен және келе жатқан ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтады.
- Азаматтарымызды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету - мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Биылғы жылы «бизнес пен мемлекеттің» өзара іс-әрекеті аясында біз кезекте тұрған жандар үшін 800 пәтер, соның ішінде облыстың 10 ауданында 313 пәтер сатып аламыз. Пәтерлерді сатып алу тәжірибесін келесі жылдары да жалғастырамыз, - деді облыс әкімі.
 
Ауданы 79,5 м2 үш бөлмелі пәтерлер заманауи технологиялар бойынша салынып, инженерлік коммуникациялармен жабдықталған.
Мерекелік шараға ауданның қоғамдық кеңесі, ардагерлер, ауыл тұрғындары қатысты.
 
Сондай-ақ, бүгін салтанатты түрде жалпы ауданы 1 680 шаршы метрді, мұз аренасы 1 440 м2 құрайтын жаңа жабық хоккей корты ашылды. Спорт нысаны ауыл тұрғындарының өтініші бойынша аудан тұрғыны, кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Виталий Соломкиннің қолдауымен бой көтерді.
 
Өңір басшысы ауданның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін меценатқа алғысын білдірді.
- Өңіріміздегі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған осындай маңызды жобалардың іске асырылып жатқанына қуаныштымын. Мұндай бастамаларға әлеуметтік жауапкершілігі жоғары және белсенді азаматтық ұстанымы бар бизнестегі азаматтардың мұрындық болғаны қуантады.
Басқа да меценаттар осындай бастамаларды қолдайды деп сенемін, - деді облыс әкімі.

 

  • 11.11.2024
  • 82
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика