• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Республика күні қарсаңында Павлодар облысында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаттары марапатталды

Облыс әкімі Асайын Байханов оқушыларды облыстық «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығымен марапаттады. Олардың қатарында зияткерлік, шығармашылық және спорттық жарыстардың жеңімпаздары бар.

«Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы дарынды және талантты оқушыларды қолдау үшін облыс әкімдігімен тағайындалған.  Сыйлық иегерлері төсбелгімен марапатталып, біржолғы сыйақы алады.

Биыл конкурсқа қатысуға 700-ден астам өтінім түсіп, облыстық турға 258 үміткер жіберілді. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының 100 лауреатын анықтады.

Салтанатты марапаттау рәсімі басталар алдында балалар облыс әкімдігінің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысып, өңір басшысының жұмыс кабинетінде болды.

Асайын Байханов сыйлық иегерлерін құттықтап, дарынды балаларды қолдау - еліміздің білім беру саясатының басты міндеті екенін атап өтті.
- Сіздердің әрбіріңіз еңбектің, білімнің және адалдықтың табысқа қалай жетелейтінінің жарқын мысалы болып табыласыздар. Сіздер өте қызықты уақытта өмір сүрудесіздер. Цифрлық трансформация және жылдам өзгерістер кезеңі әрқайсыларыңыз үшін заманауи білім алуға және hard skills пен soft skills алуға зор мүмкіндіктер мен перспективалар ашады, -деп өңір басшысы атап өтіп, өз оқушыларын жоғары нәтижелерге жетелеген ұстаздарға да алғысын білдірді.

Облыс әкімі «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі», «Шығармашылық шеберлік», «Спорттық шеберлік» номинациялары бойынша жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларға «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісін және 180 мың теңге мөлшерінде ақшалай сертификат табыс етті. Беделді марапатқа: «Балалар - ел болашағы» республикалық байқауының «Үздік спикер» номинациясы бойынша жеңімпазы - Екібастұз №18 ЖОББМ оқушысы Әмина Әбдікәрім, «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының «веб-әзірлеу» құзыреттілігі бойынша алтын медаль иегері - Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Даниил Барт және т.б балалар ие болды.

Кездесу белсенді диалог форматында жалғасты. Облыс әкіміне сүйікті кітабы, жас кезінде қандай спорт түрімен айналысқаны, алғашқы жұмыс күнінен қандай тәжірибе жинағаны, мемлекеттік қызметке келуге не түрткі болғаны сияқты сұрақтар қойылды.

Оқушылар өзін-өзі ұйымдастырудың құпияларымен бөлісуді сұрады. Сондай-ақ, балалар әкімнен жасөспірімдерге қандай фильмдер көруге кеңес беретінін, қандай маңызды өмірлік құндылықтарды ұстанатынын және егер өткенге оралса, жас кезінде өзіне қандай кеңес беретінін сұрады.
- Барлық ауыл оқушыларының атынан бізге көрсетіп жатқан қолдауыңыз үшін сізге алғыс айтамын. Мұндай кездесулерді өскелең ұрпақ үшін пайдалы деп санаймын. Біз жаңа шыңдарды бағындыру үшін білім алуға шабыт аламыз. «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы алдағы жетістіктер үшін тамаша мотивация, - деп Павлодар ауданының Мичурин жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Ева Мосияш қуанышымен бөлісті.

«Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын марапаттау рәсімі бір мезгілде облыстың қалалары мен аудан орталықтарында бейне-конференц байланыс режимінде өтті.

  • 11.11.2024
  • 70
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика