• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Медицина сапасын арттыру: тиісті меморандумға қол қойылды

Абай облысының әкімдігі мен ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Екіжақты келісім шеңберінде клиникалық тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми, клиникалық және білім беру жобаларын іске асыру, сондай-ақ өңірдің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру көзделген. Ынтымақтастық екі жақтың дәрігерлеріне тығыз кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда медициналық орталықтың мамандары Қазақстанда 150-ден астам инновациялық технологияларды енгізді. Ал облысымыздың 500-ден астам тұрғыны орталықтың жетекші клиникаларының базасында медициналық көмек, санаторлық емдеу және оңалту алды.

Серіктестік сонымен қатар мамандардың консультацияларын, санаторий-курорттық емдеу мен оңалтуды, өңір дәрігерлерін диагностика мен емдеудің инновациялық әдістеріне оқытуды қамтиды. Аурулардың алдын алу және емдеу саласында белсенді тәжірибе алмасу, мектепке дейінгі тәрбиеге озық медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерді енгізу жоспарлануда.
 

Мемлекет басшысы еліміздегі денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Елдің әрбір азаматы озық технологиялар мен әлемдік стандарттарға сай сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі керек. Облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін біз мамандардың біліктілігін арттыруға, озық тәжірибе мен технологияларды меңгеруге басымдық береміз. Осы орайда еліміздің жетекші клиникаларымен, атап айтқанда ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығымен жұмыс істеу өте маңызды. Мен бұл стратегиялық серіктестік медициналық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартып, денсаулық сақтау саласына заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді деп сенемін.


ҚР ПІБ Медициналық орталығы еліміздің алдыңғы қатарлы клиникаларын, соның ішінде Астанадағы ядролық медицинаның бірегей орталығы бар Президент Іс басқармасының ауруханасын, Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана, сондай-ақ EuropeSPA стандарты бойынша сертификатталған «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенін біріктіреді. Орталықтың құрамына санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, сондай-ақ мектепке дейінгі білім берудің инновациялық бағдарламалары бар «Қарлығаш» балабақшалар желісі кіреді.

Айта кетейік, Абай облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өткізілді. Делегация құрамына JCI, ISO, GLP, GMP халықаралық стандарттарымен аккредиттелген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері кірді. Білікті мамандар облыс тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, өңір мамандарымен әдістемелік жұмыс жүргізді.

  • 11.11.2024
  • 54
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика