• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Семейде әлеуметтік бағдарлау кабинеті ашылды

Семей қаласында «Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігінің базасында ментальды бұзылыстары бар балаларға арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылуына Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Кинне, жергілікті атқарушы билік өкілдері, құрметті қонақтар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары қатысты.

Кабинеттің ашылуы Астанадағы Германия елшілігінің үй-жайларды жабдықтауға бағытталған 2 005 000 теңге көлемінде гранттық қолдауының арқасында іске асырылды. Сондай-ақ жобаны «Абай облысының еңбек мобилділігі орталығы» КММ және «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі де қолдап, әлеуметтік салада бизнес-идеяларды дамыту үшін 1 476 800 теңге көлемінде грант бөлді.

Жоба аясында үш бөлме жасақталды. Олардың ішінде күнделікті өмірлік маңызды дағдыларды үйренетін әлеуметтік бағдарлау бөлмесі (ӘББ), сөйлеуді дамыту және психоэмоционалды дамытумен жұмыс істейтін психолог және логопед-дефектолог кабинеті, дене дамуы мен үйлестіруге бағытталған бейімделген дене шынықтыру кабинеті бар.

Тілі мүкіс, аутизм және басқа да психикалық ерекшеліктері бар балалар үшін сыныптардағы сабақтар аптасына екі рет тегін өткізіледі. ӘӘБ кабинетінде әртүрлі жастағы балалар үшін 4 адамнан тұратын үш топ, психолог кабинетінде 6 бала, логопедке 5 бала, бейімделген дене шынықтыру сабағына 6 баладан екі топ қабылданады. Жыл соңына дейін қолдауды қажет ететін 100-ден астам баланы қамту жоспарлануда.

  • 12.11.2024
  • 46
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика