• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Бизнес өкілдері Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасында тәжірибе алмасты

Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Абай облысының делегациясы Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасына барды. 1992 жылы құрылған бұл ұйым жиырма жылдан астам уақыт бойы аймақтың бизнес ортасын қолдау мен дамытуда маңызды рөл атқарып келеді.

Абай облысының ресми делегациясы мен Татарстан Республикасының іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында  Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Василь Шайхразиев, Татарстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының төрағасы Шамиль Агеев сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов пен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев Абай облысының инвестициялық, аграрлық әлеуеті туралы баяндады.
 

«Абай облысы – тау-кен өнеркәсібі және туристік нысандарымен, соның ішінде Алакөл көлімен әйгілі Қазақстанның ең жас өңірлерінің бірі. Аймақтың транзиттік әлеуеті де күшті. «Аягөз – Тачен« теміржол жобасының болашағы зор. Толық инфрақұрылымы бар «Өндіріс» индустриялық аймағы өнеркәсіптік инвесторларға қолжетімді. Әкімдіктің қолдауымен бизнеске қолайлы жағдай жасалған. Біздің ынтымақтастығымыз екі тарапқа да тиімді болатынына сенімдіміз», - деді Рүстем Ворошилов.

Абай облысында биыл 432,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл жалпы көлемнің 5,7 пайызын құрайды. Облыс мал шаруашылығы бойынша жетекші орынға ие және 75,1 млрд теңгеге төрт агроөнеркәсіптік жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. 768 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде етті өңдеу, күнбағыс майы, мал азығын өндіру кешендері бар. Жүн мен терінің бай қорын негізге ала отырып, желатин шығаратын цех салу жоспарлануда.

Абай облысының делегациясы В2В форматында кәсіпкерлікті дамыту, сараптамалық қызмет және инфрақұрылым мәселелерін талқылай отырып, татарстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты. Сапар өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етіп, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың жаңа перспективаларына жол ашады.

  • 12.11.2024
  • 53
Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика