• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Абай облысы әкімдігінде мектептер мен жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Өңірдегі білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті қауіпсіздік құралдарымен жабдықтауға 107 млн теңге бөлінді. Аймақтағы барлық білім ошақтары бейнекамералар мен дабыл тетікшесімен жабдықталған.

Облыстық Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің айтуынша, турникет орнату жалғасуда. Мемлекеттік мектептерде 100%, жекеменшік мектептерде – 85,7%, қосымша білім беру ұйымдарында – 22,7%, мемлекеттік колледждерде – 100%, жекеменшік колледждерде – 80%.

Сонымен қатар, облыстағы 127 мектепте Starlink спутниктік интернет жүйесі енгізілді. Бұл шалғай елді мекендердегі, соның ішінде Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха аудандарындағы білім беру мекемелерін тұрақты байланыспен қамтамасыз етеді. Аталған жүйеге тағы 10 мектепті қосуға өтінім берілді.

«Sergek VMS» жүйесін пайдалана отырып, Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу аясында облыстың білім беру ұйымдарын ҚР ІІМ өңірлік жедел орталығына қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған.

 Білім ошақтарының маңайындағы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында білім ошақтарының маңындағы жол белгілері, жарықтандыру және бейнебақылау қондырғыларының жағдайы да жиында сөз болды. Өңірдегі 501 білім беру мекемесінің маңындағы инфрақұрылымды ретке келтіруге 127 миллион теңге қажет. Мектеп маңындағы қауіпсіздікті жақсарту үшін қосымша бағдаршамдарды, сондай-ақ «Балалар» және «Жылдамдық шектеуі» деген жазуы бар ақпараттық тақталарды орнату туралы айтылды.

Сонымен қатар, екінші ауысымдағы оқушыларға ыңғайлы болу үшін Семейде қоғамдық көліктердің кестесін кешкі сағат 21:00-ге дейін, Аягөзде 20:00-ге дейін ұзарту ұсынылды.
 

Балалардың қауіпсіздігі – бәрінен де маңызды. Сондықтан мектеп маңындағы инфрақұрылымды реттеу жұмыстарын жеделдетіп қолға алу керек. Қажетті қаржыны бөлеміз. Қоғамдық көліктердің кестесін ұзарту мәселесін қарастыру қажет.

  • 13.11.2024
  • 74
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика