• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысында «Мейірімді жүрек» Қамқоршы күні атап өтілді

Қазақстанда атап өтілетін мереке қарсаңында өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған асырап алушы ата-аналар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер мен тәлімгерлердің кездесуі өтті.

Өзгенің баласын өзектен теппей бауырына басқан қамқоршы жандарды облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.

Салтанатты қабылдау бейресми жағдайда өтті. Өңір басшысы барлық қатысушыларға арнаған сөзінде, ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы қамқорлыққа алу - бұл үлкен жауапкершілік және орасан зор еңбек екенін атап өтті.

- Сіздердің әрбіріңіз мен үшін батырсыздар. Балалар біздің ең үлкен байлығымыз және олар үшін барымызды беруге әзірміз. Сіздер сияқты жүрегі кең жандардың арқасында аймақтың 995 баласы қамқоршылыққа алынды, 68 бала патронаттық тәрбиеде. Біреудің баласы үшін мойнына жауапкершілік алу, оны өз баласындай сүю - адамгершіліктің ең жоғары көрінісі, - деп атап өтті өңір басшысы.

Кездесуде патронат ата-аналар мен қамқоршылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Балаларды тек мектеп директоры ғана емес, мектептің барлық қызметкерлері де қамқорлығына алған Железин ауданының Екішоқ ауылындағы шағын мектептің тарихы көпшілікті тәнті етті. Осы аудандағы Кузьмино ауылының тұрғыны Айжан Каркенова өз отбасына өңірлік балаларды қолдау орталығынан қыз баланы қабылдады. Баянауыл ауданының Майқайың кентінде Алуа Әлібекова екі баласын және екі бауыры мен сіңлілерін тәрбиелеп отыр. Ұлының сыныптасы, жетім қалған I топтағы мүгедек бала Варлам Свичкарды қамқорлығына алған Айгүл Қияқбаеваның оқиғасы барша жанның жүрегін селт еткізбей қоймады.

Қамқоршы күні асырап алған ата-аналарына құрмет көрсету үшін олардың балалары келді, олардың көпшілігі балалар үйінде жұмыс істейді. 40-тан астам түлек облыстың ірі кәсіпорындарында еңбек етеді.

«Богатырь көмір» кенішінің жетекші инженері, республикалық турнирлердің чемпионы, Екібастұз қаласының «Үміт» орталығының түлегі Магинур Латыпова өмір жолындағы жетістіктері үшін тәлімгері Нағима Әбдірахмановаға алғысын білдірді.

Әлеуметтік серіктестер жетім қалған балаларға мерекелер, экскурсиялар ұйымдастыруда үлкен қолдау көрсетуде. Көп жағдайда әлеуметтік серіктестер мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің қызметі біртіндеп тәлімгерлікке айналуда. «Тәлімгерлер» жобасы Қазақстанда бірнеше жылдан бері табысты іске асырылып келеді және биыл осы жоба аясында Павлодар облысында 44 жұп тәлімгер мен балалар жұмыс істейді.
Ал, «Оқушыдан оқушыға» жобасы арқасында «Жас Дарын» мектеп-лицейінің ерікті оқушылары өткен жылы «Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылының» тәрбиеленушілерін оқытты. Нәтижесінде 11 тәрбиеленуші дарынды балаларға арналған лицейге оқуға түсті. Биыл «Жас дарын» оқушылары балалар ауылының тағы 27 тәрбиеленушісін оқытуды қолға алды.

Асырап алушы ата-аналар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер мен тәлімгерлер, әлеуметтік әріптестер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

  • 14.11.2024
  • 73
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика