- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Астана қаласында Павлодар облысының әкімдігі мен «Railways Systems KZ» ЖШС компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Аталмыш келісім-шартқа Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева және «Railways Systems KZ» ЖШС бас директоры Роман Павлингер қол қойды.
«Railways Systems KZ» компаниясы Екібастұзда жаңа буынды электрометаллургиялық зауыт салуға ниетті.
Зауыт кеншілер қаласының индустриялық аймағында 100 га аумақта орналасатын болады. Жоба инвестиция көлемі 208 млрд. теңге болатын меншікті және қарыз қаражаты есебінен іске асырылады. Кәсіпорында 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Металлургия зауытының ашылуы 2028 жылға жоспарланған.
- Бұл жоба біздің өңір үшін жоғары шекті кластерлерді құруға бағытталған басымдықтардың бірі болып табылады. Жоғары технологиялық кәсіпорын Екібастұздың әлеуметтік-экономикалық дамуын күшейтеді: жаңа жұмыс орындары пайда болады. Зауыттың әу бастан жоғары экологиялық және әлеуметтік стандарттарды ескере отырып жобалануы да өте маңызды, - деп атап өтті Әйгерім Қабылтаева.
«Rail Way Steel» өндірістік қуаты жылына 1 000 000 тонна жоғары технологиялық болат өндіру. Металлургия өнімдерінің 40%-ға дейінгі көлемін ТМД және ЕО елдеріне экспорттау жоспарлануда. Жоба электрометаллургия саласындағы ірі еуропалық инжинирингтік компаниямен бірлесіп іске асырылуда.
- Құрылыста, көлік жасауда, цемент және энергетика өнеркәсібінде сапалы болат құймалары мен сорттық прокатқа қажеттілік бар. Біз мемлекеттің жаңа ауқымды жоспарларды іске асыруға қолдау көрсетуін жоғары бағалаймыз, - деп атап өтті Роман Павлингер.
Озық технологиялардың көмегімен балқыту және легирлеу процесі әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда 20-50%-ға дейін жеделдетіледі. Осының арқасында энергия қуатын тұтыну жартылай азаяды.
- 14.11.2024
- 27