- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
Солтүстік аймақ үшін ЖЭС: аукциондық сауда-саттықтың нәтижелері
2024 жылғы 18 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттықа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 34 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 600 МВт құрады.
Шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымының 22.68-ден 11.83 теңге/кВтсағ-қа дейін төмендеуі (ҚҚС-сыз) байқалды. ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық бағаның шекті аукциондық бағадан 47,8%-ға төмендеуі байқалды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық баға 11.83 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) «Kaindy Energy» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, Азия даму банкі және USAID өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
- 18.11.2024
- 18