- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыс әкімдігінде әлеуметтік-экономикалық даму және 10 ай ішінде бюджетті игеру қорытындылары шығарылып, егін жинау жұмыстарының қорытындылары қаралды.
Өңірде ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша барлық базалық макро көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.
2,8 трлн. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өңдеу секторында 8,2% өсімге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы саласының көлемі 20,9%-ға өсті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдан 16,3%-ға артық.
Өңір экономикасына 815 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсу қарқыны 130,1% құрады.
296 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді - 126,9%. Ішкі сауда 16,1%-ға, көлік қызметтерінің көлемі 5,8%-ға, байланыс 10,2%-ға ұлғайды.
2024 жылдың 1 қарашасында облыстық бюджеттің кірісі 295,7 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім - 116,4%. 10 айда бюджетті игеру бойынша жалпы республикалық рейтингте облыс 1 орынға тұрақтады.
Кірістер бойынша 11 айдың қорытындысы бойынша облыстың барлық өңірлері бойынша толық көлемде орындалады деп болжанып отыр.
Облыс әкімі Асайын Байханов барлық макро көрсеткіштердің оң динамикасын сақтауды, бюджет қаражатын толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді, проблемалық жобаларды ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ, жиналыста жақсы нәтижелермен аяқталған күзгі дала жұмыстарының қорытындысы шығарылды. 1 млн. тоннадан астам дәнді дақылдар жиналды.
Егістік алаңы 1 406,2 мың гектарды құрады, бұл өткен жылдан 165,5 мың гектарға артық. Өңір сонымен қатар қарақұмық, тары және күнбағыстың егіс алқаптары бойынша республикада көшбасында тұр.
Елде жиналған картоптың 1/5, ал, сәбіздің 1/3 бөлігі біздің облысымызға тиесілі.
Астық қабылдау пункттері - 100% дайын. Ылғалды астықты кептіру үшін 2 800 тонна арзандатылған дизель отыны және 1 008 тонна газ бөлінді.
Картоп пен көкөніс дақылдарын сақтау үшін 151 көкөніс қоймасы дайындалды. 2025 жылға 164,4 мың тонна тұқым дайындалды - 100%.
«Бәйтерек» ҰБХ АҚ 2024 жылы 42,8 млрд. теңге сомасына 911 несие берді. Бүгінгі күні берілген несиелерді өтеу бойынша барлық міндеттемелер орындалды.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы барысында берген тапсырмаларын іске асыруды бақылауға алуды, 2025 жылдың 15 желтоқсанына дейін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын сапалы жүргізудің өңірлік жоспарын дайындауды тапсырды.
30 қарашаға дейін күнбағыс жинауды аяқтап, 20 желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын толықтай талдауға тапсыруды, сондай-ақ, «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша несиелік өтінімдерді қабылдауды жеделдетуді тапсырды.
- 20.11.2024
- 10