• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақсу қаласына жаңа әкімі тағайындалды

Өңір басшысы Асайын Байханов Ақсу активінің отырысында қаланың жаңа әкімін таныстырды.
 
Жиында өңір басшысы Нұрлан Дүйсенбиновтың Ақсу қаласының әкімі қызметінен өз еркімен босатылғанын хабарлады. Асайын Байханов оған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
 
- Нұрлан Шайхсләмұлы Ақсуды 2022 жылдың наурыз айынан бастап басқарды. Осы уақыт ішінде қалада 524 пәтерлі 5 үй салынды, 40-тан астам көше жарықтандырылды, 6 ауылдық округте су құбырлары жаңғыртылды. Жағажай аумағы абаттандырылды, Ақсу қалалық ауруханасын ауданаралық орталық ауруханаға айналдыру жұмыстары басталды, «Ақсумолл» сауда орталығы ашылды, - деді өңір басшысы.
 
Облыс әкімінің өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Ақсу қалалық мәслихатының келісімімен Ақсу қаласының әкімі лауазымына Болатбек Шәріпов тағайындалды.
 
Өңір басшысы жаңа әкімді таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
 
Болатбек Шәріпов 1973 жылы Ертіс ауданының Заречное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте 2008 жылдан бастап жұмыс істейді.
 
Ертіс ауданында ол , бөлім басшысынан аудан әкіміне дейінгі еңбек жолынан өтті. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
 
Асайын Байханов Ақсудың облыс экономикасын дамытуда маңызды мәнге ие екенін атап өтті. Қалаға өңірдің өнеркәсіп көлемінің шамамен 25% тиесілі. Бірінші кезекте барлық инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды, сондай-ақ, түйінді мәселелерді талдауды тапсырды.
 
- Жақында Ленин көшесіндегі магистральдық жылумен жабдықтау желілерінде ақау орын алды. Жылу мен ыстық сусыз 20-дан астам көпқабатты тұрғын үй және 50 жеке үй қалды. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін алдын-ала шаралар қабылдаңыз. Сондай-ақ, жаңа қазандықты іске қосу туралы мәселені соңына дейін аяқтау қажет.
Өздеріңіз білетіндей Ақсу қаласында аяқталмаған құрылыс нысандары бар: Алғабас, Жолқұдық, Пограничник, Еңбек ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Ақсу қаласындағы мұз аренасы. Осы мәселелермен айналысып, барлық нысандарды пайдалануға беру керек, - деп тапсырды Асайын Байханов.
 
Сондай-ақ, қаланың жаңа әкіміне 6-7% тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, Ақсу инвестициялық аймағын, инфрақұрылым мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, тұрғындардың өзекті мәселелеріне уақтылы ден қою тапсырылды.

  • 21.11.2024
  • 85
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика