• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімдігінде өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен меморандумға қол қойылды.

2024-2025 жылдардың қыс-көктем кезеңінде белгіленген бағаны қамтамасыз ету, картоп пен сәбіздің қажетті көлемін сақтау жөніндегі меморандумға облыстың 22 ауыл шаруашылығы өндірушісі қол қойды.

Көкөніс өсірушілер әлеуметтік дүкендерде, фермерлер базарларында және өңірдің апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде картопты 110-120 теңгеден аспайтын бағамен, ал, сәбіздің 1 келісін 90-100 теңгеден аспайтын бағамен  сатуға міндеттеме алды.
Өңір басшысы Асайын Байханов аграршыларға облыс халқының көкөністерге деген қажеттілігін барынша қамтамасыз етіп, картоп пен сәбіз бағасының өсуіне жол бермегендері үшін алғысын білдірді.

- Еңбектеріңіз бен әлеуметтік жауапкершіліктеріңіз үшін рахмет. Сіздер аймағымыздың азық-түлік белдеуін жасап отырсыздар. Жыл сайын бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында біз фермерлермен маусымаралық кезеңде сату үшін көкөністердің қажетті көлемін сақтау жөнінде меморандум жасаймыз, - деді облыс әкімі.

Маусымаралық кезеңде облыс нарығын қол жетімді көкөністермен қамтамасыз ету үшін көкөністердің сапасына кепілдік бере отырып, айына 1290 тонна картоп пен 433 тонна сәбіз сату есебімен 10000 тонна картоп және 3000 тонна сәбіз сақталатын болады. Меморандумның қолданылу мерзімі 2024 жылғы 19 қарашадан 2025 жылғы 1 маусымға дейін.

Меморандумға қол қойған барлық өндірушілер жанар-жағармай, тыңайтқыштар, тұқымдар сатып алуға инвестициялық субсидиялау аясында мемлекеттік қолдау алушылар болып табылады.

  • 22.11.2024
  • 76
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика