• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Павлодарда ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Павлодарда ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке құрметіне орай Естай атындағы мәдениет сарайында көрме ұйымдастырылып, барлық аудандардан саланың үздік қызметкерлері марапатталды.

Облыс әкімі Асайын Байханов еңбек адамдарын жылы лебізімен құттықтап, алғысын білдірді.

- Азық-түлік адамзат тарихының барлық кезеңінде сумен бірге өміріміздің басты кепілі болып қала бермек. Сондықтан ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні маңызды мереке болып табылады. Өз өмірін осынау асыл мамандыққа арнаған барша жанға шын жүректен алғысымды айтамын және құттықтаймын, - деді аймақ басшысы.

Биылғы жылы Ертіс өңірінде астықтың рекордтық көлемі жиналды - 1 млн тоннадан астам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық. Аймақ ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі бойынша елімізде көшбастады. Жыл басынан бері агробизнеске 200 млрд. теңге инвестиция салынып, ауылдарда 500-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Облыстың бірнеше фермасы өнімділігі бойынша елдегі ең үздік 10 сүт фермасының қатарына кіреді.
Кешенді мемлекеттік қолдаудың арқасында суармалы егіс алқаптары 13 мыңға артып, 180 мың гектарға жетті.

Асайын Байханов саланың барлық жетістіктері, ең алдымен, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып жатқан қарапайым қызметкерлердің еңбегі екенін атап өтті.

- Олардың ауыр еңбегіне лайықты ақы төлеуді қамтамасыз ету біздің бірінші кезектегі міндетіміз. Биыл көптеген шаруа қожалықтары жоғары әлеуметтік жауапкершілік таныта отырып, өз қызметкерлерінің жалақысын едәуір көтергенін білемін. Қалған шаруаларды да ең құнды ресурс - адами капиталға инвестиция сала отырып, үлгі алуға шақырамын, - деді облыс әкімі.

Өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен сала ардагерлері, механизаторлар, мал өсірушілер, агрономдар, комбайнерлер, ветеринарлар марапатталды.
 
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Қырықбес Сыйхымбаев марапатталды. «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен «Комаров» ШҚ басшысы Евгений Комаров марапатталды.

«2024 жылдың үздік астық шаруашылығы» номинациясын Ертіс ауданының «Нұрас» ШҚ жеңіп алды. Екібастұз қаласындағы «Корн Агро» фермасы 2024 жылы картоп өсіру бойынша ең үздік деп танылды. «2024 жылдың үздік сүт фермасы» номинациясын Agro Trade PV иеленді. 2024 жылдың үздік қайта өңдеу кәсіпорны «Рубиком» ЖШС болып танылды.

«2024 жылдың үздік агрономы» - Железин ауданынан Георгий Черепанов, «2024 жылдың үздік механизаторы» - Алексей Бадыртенов, «2024 жылдың үздік сиыр сауу операторы» - Ирина Ткаченко, Ақсу «Крон Агро»  ЖШС, «2024 жылдың үздік шопаны» - Баянауыл ауданынан Самат Тілеукенов, «2024 жылдың үздік зоотехнигі» - Бахтиар Анесов, «Ақтоғай Милк» ЖШС, «2024 жылдың үздік ветеринар дәрігері» - Шарбақты ауданынан Алена Колодежная атанды.

«2024 жылы аграрлық саланы белсенді жариялаған репортер» номинациясын облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Алтынбек Мұқышев иеленді.

Успен ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша үздік деп танылды. Май ауданы мал шаруашылығын дамыту бойынша үздік атанды. Ақтоғай ауданы «Ауыл шаруашылығын дамыту көрсеткіштері бойынша үздік аудан» номинациясымен марапатталды.

Мараппаттау рәсімі мерекелік концертпен аяқталды.

  • 22.11.2024
  • 71
Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика