• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Таразда жастар форумы өтті

Таразда «Жігерлі жастар – ел болашығы» атты облыстық жастар форумы өтті.

Басқосуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілер, Президенттік және өңірлік кадр резервінің мүшелері мен өңір студенттері қатысты.

Форум мемлекеттік қызметтің мәртебесін одан әрі көтеруді, жас түлектерді мемлекеттік қызметке тартуды, жастарға қолдау көрсету мен олардың әлеуетін арттыруды көздейді. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті ұйытқы болды.

- Еліміздің өсіп-өркендеуі, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тікелей байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің І форумындағы сөзінде «Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары» деп атап өткен болатын.

Өздеріңізге мәлім, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белсенді жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту мәселесіне ерекше ден қойып отыр. Осында отырған әрбір жас буынның ел басқару ісіне араласатын уақыты алыс емес.

Еліміздің өркениетті даму жолында болашақ жастардан, яғни өздеріңізден күтер үмітіміз зор, — деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Мұхтар Байжұманов, Ш. Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтының ректоры Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, жастарға ағалық ақылдарын айтты.

Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға берілген бірегей мүмкіндік.

Өңірде аталған резервтің екі мүшесі басшылық қызметке тағайындалып, жемісті еңбек етуде. Оның бірі, форумда сөз алған «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Берік Манасов. Ол еңбек жолына тоқталып, тәжірибесімен бөлісті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл өңірлік жастар кадр резерві құрылды. Оған 26 дарынды жамбылдық жас іріктелініп алынды. Бүгінде резевр мүшелері Балаби Түменбаев (Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы) пен Жандос Рүстембаев (Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы) конкурссыз негізде қызметке тағайындалды. Резервшілерді жауапты қызметке тағайындау жалғасады.

- Киелі Әулиеата өңірінің аядай ғана ауылында дүниеге келіп, өзім туып-өскен ауданның тыныс-тіршілігіне, қоғамдық-саяси өміріне етене араласып, бүгінде үлкен жауапкершілік жүктелген мемлекеттік қызметте тер төгіп жүргенімді мақтан етемін, — дейді Өңірлік жастар кадр резервінің мүшесі Балаби Түменбаев.

Елімізде жас мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау тетіктері жеңілдеді. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын жақсы нәтижемен аяқтаған студенттер аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданады. Өңірде осы мүмкіндікті оқуын сәтті аяқтаған 32 жас түлек пайдаланып, мемлекеттік қызметке орналасты.

Форумның мінберінде мемлекеттік қызметке конкурссыз өткен Байзақ ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Шохрух Гафуров, Мойынқұм ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы Айханым Серікова сөз сөйлеп, замандастарын оқуда озат болуға, өңірді өркендетуге үлес қосуға шақырды.

Басқосудың қорытынды бөлігінде жастар өзара пікір алмасып, тағлымды ой түйіп тарқасты.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 35 жасқа дейінгі 1400-ден аса жас мемлекеттік қызметші бар.

  • 29.11.2024
  • 75
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика