- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның орындалуы Ұлттық комиссия бақылауында
2024 жылғы 28 қарашада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында әйел тергеушілердің әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеуге мамандануы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметі қаралды.
«Президент ана мен бала мүддесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл – мемлекеттің стратегиялық міндеті. Биыл Ұлттық комиссия «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтауды қамтамасыз ету бағытына басымдық береді. Әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстарды тергеу жүйесін жетілдіру мәселесі Ұлттық комиссияның тұрақты бақылауында. Біздің міндетіміз – тергеуші әйелдердің әлеуетін пайдалана отырып, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның орындалуын бақылау және оны толық қамтамасыз ету», – деді отырыста Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева.
- 02.12.2024
- 22