• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барды

Өңір басшысы Асайын Байханов бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, қаладағы жылу беру маусымы бойынша көшпелі жиналыс өткізді.

Бірінші нысан құрылысы аяқталмаған Дөнентаев көшесі, 44 мекен жайындағы тұрғын үй болды. Ол ЖАО кезекте тұрғандарға Отбасы банкінің бағдарламалары бойынша іске асыруға арналған. Көпқабатты үйдің құрылысы 2022 жылы басталғанына қарамастан, нысанның құрылысы әлі аяқталмаған.
Өңір басшысы құрылыс алаңында ахуалға талдау жасап, жергілікті билікке 10 желтоқсанға дейін нысанның құрылысын аяқтау және пайдалануға беру жөніндегі нақты жоспарды ұсынуды тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі ауданы 3,7 мың м2 болатын мұз аренасының құрылысын тексерді. Жаңа спорт нысаны қысқы спорт түрлерімен айналысатын балалардың санын 350-ге дейін ұлғайтып, жыл бойы мұзда жаттығу өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір нысанда барлық жоспарланған құрылыс-монтаждау жұмыстарының 95% орындалды, инженерлік желілер жүргізіліп, аумағы абаттандырылды.

Одан кейін Үштерек, Алғабас, Еңбек және Пограничник ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтау мәселелері қаралды. Аталмыш нысандар бойынша алынған міндеттемелерін мерзімінде орындамауына байланысты мердігерлерді жосықсыз деп тану бойынша талап-арыз жұмыстары басталды.
Осы жобаларға жан-жақты аудит жүргізу және жоғарыда аталған төрт нысанды 2025 жылы аяқтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, өңір басшысы ERG меморандумы аясында демеушілік қаражат есебінен іске асырылып жатқан Астана, Ленин, Әуезов көшелеріндегі жарықтандыру жүйесін қайта жаңарту бойынша жұмыстардың барысын тексерді. Бүгінгі таңда қуаты 148 Вт болатын 359 металл тіректер мен 343 шамдарды орнату жұмыстары аяқталды, шамамен 10 км кабель ауыстырылды. Қалалық саябақта, орталық жағалауда, сондай-ақ, Доспанов көшесінде 40 тірек пен шамды орнату жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыс көлемін 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін орындау жоспарлануда.

Ақсу қаласының су тазарту құрылыстары цехының электрмен жабдықтау желісін реконструкциялау жұмыстары да аяқталуда. Бұл қаланың сумен жабдықтау желісіндегі қысымның төмендеуін болдырмау үшін электрмен жабдықтаудың резервтік желісін енгізуге мүмкіндік береді және су қабылдау станциясы сорғыларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру соңғы 5 жылда пайда болған жүйелі мәселелердің бірін шешуге мүмкіндік береді. Асайын Байханов барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтауды тапсырды.

Қаланы аралау соңында облыс әкімі қазандыққа барып, Ақсу қаласының барлық коммуналдық қызметтерінің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізді.

- Барлық 265 көпқабатты тұрғын үйлер мен 44 әлеуметтік нысандарға жылу 16 қыркүйекте берілгенімен, осы уақыт ішінде Ақсу қаласының тұрғындарынан ыстық сумен қамтамасыз ету және жылудың жетіспеушілігі бойынша көптеген шағымдар келіп түсті. Бұған жол берілмейді және біз оны қазір бірге анықтаймыз, - деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта жылу энергетикасы мамандарын тарта отырып, қаланы жылумен жабдықтаудың гидравликалық параметрлерін теңестіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, облыс әкімі ағымдағы жылу беру маусымы аяқталғанға дейін Ақсу қаласының жылумен жабдықтау жүйесіне жаңа тұтынушыларды қосуды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.

  • 02.12.2024
  • 63
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика