• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байхановтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы қаралды

Облыс әкімі Асайын Байхановтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы қаралып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов 10 айдың қорытындысы бойынша есірткіге қатысты 225 құқық бұзушылық анықталғанын хабарлады. Оның ішінде 100 қылмыс «ауыр» және «аса ауыр» санаттарына жатады. Айналымға жіберілмеген есірткі және психотроптық заттардың көлемі 423 кг  құрады.

2024 жылы «Киберқадағалау» жүйесімен 75 интернет-ресурсы және 115 OLX маркетплейсі бұғатталды. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында «гашиш майы» бар 3500 капсула тәркіленді.

2024 жылдың 10 айы ішінде қоғамда есірткіге саналы түрде қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында 1500-ден астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Оларға 143 мыңнан астам мектеп оқушылары, сондай-ақ, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

 

Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссияның отырысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев баяндама жасап, өңірде есірткіге тәуелділер есебінде 1876 адам тұрғанын атап өтті.

Мәжбүрлі бөлімшедегі стационарларда 33 адам, ерікті бөлімшеде 196 адам емделді. Оңалтудың үшінші кезеңі Мичурино ауылының «Асар» бөлімшесінің жағдайында жүргізіледі.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап медициналық куәландыру кабинеттерінде 8 жолақты сынақтар жүргізіледі, олар мыналарды анықтайды: морфин, марихуана, трамадол, амфетамин, мефедрон, тропикамид, митилен-диоксипировалерон, синтетикалық каннабиноидтар.

Осы жылдың шілде айында 282 млн. теңгеге 2 заманауи газ хроматографы сатып алынды, бұл жаңа есірткі қосындыларын анықтауға мүмкіндік береді.

Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі әкімдіктерге, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, ақпарат және қоғамдық даму басқармаларына, құқық қорғау органдарына нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған «Кешенді жоспарын» іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыруды, БАҚ пен әлеуметтік желілерде ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастыруды, тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандарға қосымша білім беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 03.12.2024
  • 61
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика