• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл - инвестициялық жобалар шоғырланған аймақ: 80 жоба, 6,5 мыңнан астам жұмыс орны

Жамбыл облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасуда, мұны өнеркәсіп саласы мен жаңартылатын энергия көздеріндегі ірі жобалар айғақтайды. Бұл туралы облыс әкімі ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында кеңінен айтып берді.

Жыл басынан бері облыс экономикасына 370,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Инвестициялық қоржында 6,5 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 3,3 трлн. теңгенің 80 жобасы бар, оның он тоғызы (2,8 трлн. теңге) шетелдік инвестордың қатысуымен жүзеге асады. Атап айтқанда, ірі серіктестердің қатарында Qazaq Soda (кальцилендірілген сода), EuroChem (минералды тыңайтқыштар), Knauf (гипсокартон), Shagala mining (мыс өндірісі) бар.

10 айдың қорытындысы бойынша 149,7 млрд. теңгеге 21 кәсіпорын іске қосылып, 700 жұмыс орны ашылды. Жобаларды іске асыру барысында заманауи инновациялық технологияларды енгізуге және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық берілді.

Инвесторларды өңірдің ірі өнеркәсіптік әлеуеті мен қолайлы географиялық орналасуы қызықтырады, бұл өткізу нарықтарын жедел реттеуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы еліміздегі жаңартылатын көздерден алынатын электр қуатын ең ірі жеткізушілердің бірі. Шетелдік компаниялармен ынтымақтастық энергетика саласында жаңа перспективаларға жол ашады.

«Total Eren», «Masdar» және «China Power» сияқты әлемдік жетекші компаниялар жалпы қуаты 2,5 ГВт жел электр станциясын салу бойынша жобаларды іске асыруда.

«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағында 54 млрд.теңге инвестиция салуды көздейтін «Sаny Renewable Energy» зауытының құрылысы басталды, онда жел генераторларына қажетті құрал-жабдықтар өндіріледі. Жоба импортты алмастыруға және өндірісті өңірде орналастыруға бағытталған.

Аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын заманауи өндірістік үй-жайлар салу жоспарланып, оның 30 пайызы кәсіпкерлермен брондалған. Бұл бизнестің аймаққа сенімін көрсетеді.

Өндірістік әлеуетті арттыру мақсатында бірден бірнеше экономикалық және индустриялық аймақтар жұмыс істеуде, қолданысқа берілетін алаңдарға мемлекеттік қолдау ретінде инфрақұрылым жүргізілген.

Сондай-ақ металлургия зауытының құрылысы (367 млрд. теңге), американдық технологияны пайдалана отырып, натрий цианидін өндіру (50 млрд. теңге), желатин өндірісі (7,8 млрд. теңге), өнеркәсіптік кремний өндірісі (26,4 млрд. теңге) секілді инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

«Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1,3 мың жұмыс орнын құра отырып, 137 млрд. теңгеге 15 жобаны жүзеге асыру көзделген.

Аудандарда өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жолымен экономиканы әртараптандыру мақсатында «Меркі», «Құлан», «Сарысу-1» және «Сарысу-2» субаймақтарын 180 гектарға құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылды. Дирекция жобаларды сүйемелдеумен айналысады, оның сегізін жақын арада іске қосу күтілуде.

  • 06.12.2024
  • 74
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика