• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға екі есе көп қаражат бөлінді

Жамбыл облысында 10 айдың қорытындысы бойынша 577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (жоспар - 750 мың шаршы метр). Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Ербол Қарашөкеев айтты.

Тұрғын үй құрылысы жедел қарқынмен жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Тараз қаласында жаңа шағынаудандар бой көтеріп келеді. Қазір 3 709 пәтерлі 78 тұрғын үй салынып жатыр, жыл соңына дейін 2 024 пәтер (41 тұрғын үй) қолданысқа беріледі.

Облыста көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 млрд. теңгеге 1 575 пәтер сатып алынды.

Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға бюджеттен 2 есе көп қаражат бөлінді: 2023 жылы – 23,2 млрд. теңге, 2024 жылы – 40,8 млрд. теңге.

Жалпы құрылыс және сатып алу есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 1 963 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75 пайызға артық. Сонымен бірге «Әулие ата жастары» жобасы аясында 140 жас отбасыға баспаналы болу бақыты бұйырады.

Ербол Қарашөкеев БАҚ өкілдерін тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары туралы хабардар етті.

Биыл 21,5 млрд. теңгеге 68 жоба жүзеге асырылуда (22 АЕМ –  сумен жабдықтау нысанының құрылысы, 15 АЕМ – кешенді блок-модульді орнату). Жыл қортындысына сәйкес халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,1 пайызға дейін көтеріледі.

Облыс әкімі ОКҚ мінберінде сөйлеген сөзінде көгілдір отынмен қамтамасыз етілмеген Мойынқұм ауданы елді мекендерін газдандыру бойынша ауқымды жобаның бастау алғанын айтты.

Жамбыл облысында 285 ауылдық елді мекен (1, 113 млн. тұрғын) көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы 12 жоба аясында 3 елді мекен (5,0 мың адам) газдандырылды. Халық саны бойынша газдандыру деңгейі 91,3 пайызға дейін ұлғайтылды.

Өңірде «Еврохим-Қаратау» автоматты газ тарату станциясының (Сарысу ауданы) құрылысы бойынша жоба іске асырылуда, бұл минералды тыңайтқыштар мен күкірт қышқылын шығару бойынша ірі өнеркәсіптік жобалардың бірін іске асыруға мүмкіндік береді.

Тараз қаласындағы М-1 негізгі жылу магистралі, Қаратау және Жаңатас қалаларында орталық қазандықтар қайта жаңғыртылды.

Келесі жылы облыс орталығындағы М-3 жылу желілері мен жылу магистралін қайта жаңғырту жоспары бар.

710 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, жөндеу жұмыстарымен қамтылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 99 пайызды, елді мекендердегі көшелер бойынша бұл көрсеткіш 87 пайызды құрайды.

 

  • 06.12.2024
  • 91
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика