- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Әкімдіктің бүгінгі отырысында мен Қостанай облысының өнеркәсібіндегі ағымдағы ахуалы туралы айттым
Әкімдіктің бүгінгі отырысында мен Қостанай облысының өнеркәсібіндегі ағымдағы ахуалы туралы айттым.
Жеңіл автомобильдер өндірісінің шамалы төмендеуіне қарамастан, біз басқа секторларда, атап айтқанда, металлургия мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде тұрақты өсуді байқап отырмыз.
Біз болат прокаты мен тракторлар өндірісін ұлғайту бойынша жаңа жобаларды іске қосамыз, сондай-ақ шойын құю мен автомобильдерге арналған шанақ өндіруді бастаймыз. Негізгі жобалардың бірі – шойын құю зауытын іске қосу, нәтижесінде жүздеген жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің экономикасын нығайту қамтамасыз етіледі.
Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің өнеркәсіптің жаңа түрлерін дамытуды қолдағаны маңызды. Тек осылай ғана біз жыл қорытындысы бойынша өндірістің тұрақты өсуін қамтамасыз ете аламыз.
Біздің мақсаттарымыз айрықша және біз оларға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз!
- 09.12.2024
- 14