- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Бүгін жеке қабылдау барысында облыс тұрғындарының өтініштерін тыңдадым. Әрбір өтініш мұқият қаралып, өз шешімін табады.
Бүгін жеке қабылдау барысында облыс тұрғындарының өтініштерін тыңдадым. Әрбір өтініш мұқият қаралып, өз шешімін табады.
Көтерілген мәселелер білім беру, медициналық көмек көрсету, абаттандыру, жер телімдерін беру және су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселелеріне қатысты болды.
Жеке қабылдаулар – бұл жай ғана кездесулер емес, біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі. Бұл әрбір азаматтың дауысы ескерілетін «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының дәлелі. Мұндай формат халықтың нақты қажеттіліктеріне сүйене отырып, мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
Біз әрқашан диалогқа және облыс игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге ашықпыз.
- 09.12.2024
- 22