• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Облыс әкімдігінде «Павлодар» АЭА инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мәселелері қаралды

Арнайы экономикалық аймақ жобаларының инвестициялық портфелінде 507 млрд. теңгеге 36 жоба бар. АЭА инфрақұрылымының аяқталуы 65,7% құрайды.

Аяқталу сатысында су бұру желілері мен кәріз-тазарту құрылыстары тұр. Су бұру желілеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары 70%-ға, кәріз-тазарту құрылыстары 85%-ға аяқталды. Кәріз-тазарту құрылыстарын іске қосу-реттеу жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.

АЭА инфрақұрылымын 100% аяқтау үшін 3 нысанның құрылысы қажет: теміржолдың 2-кезегі, қуаты 40 МВт болатын қосалқы станцияның құрылысы және ұзындығы 5 км автожол салу.

Солтүстік техникалық дәліз бойынша өтетін автожол жобасы сараптамадан өтуде. Құрылыстың болжамды құны шамамен 900 млн. теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда АЭА аумағында ақауларға, сондай-ақ, «ҚТЖ» АҚ тарапынан техникалық паспорттың және дайындық актісінің болмауына байланысты 2019 жылдан бері жұмыс істемейтін «Каустик» АҚ-ның меншікті темір жолдары бар.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аталмыш нысанды қалпына келтіру жұмыстары 2023 жылдың желтоқсанында басталған болатын. Бүгінгі таңда 1 кезекті қалпына келтіру 100% аяқталды. ҚТЖ комиссиясы нысанға екі рет барып, барлық анықталған ақаулар мен ескертулер жойылды.

Нәтижесінде АЭА аумағында орналасқан 15 кәсіпорын өздеріне дейін темір жол тарту мүмкіндігіне ие болады. Жүк айналымы жылына шамамен 300 мың тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, теміржолдың 2-ші кезегінің және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық нысандардың құрылыстары әлі басталған жоқ.

Өңір басшысы бұл жұмыстарды кешіктіруге жол берілмейтінін атап өтіп, құрылыс басқармасына 2025 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде автожол салу бойынша салалық министрлікке, сондай-ақ, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына теміржолдың 2 кезегі үшін ЖСҚ әзірлеуге және электр қосалқы станциясын салуға бюджеттік өтінім жіберуді тапсырды.

  • 11.12.2024
  • 67
Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика