- Блогтар
- Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.
ҚР Туризм және спорт министрі
Ақтоты Райымқұлова Президенттің Алғыс хатын табыстады
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық кітапханада өткен жылы Абай Құнанбайұлының 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге ерекше атсалысқан тұлғаларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.
-2020 жылы қазақ руханиятының темірқазығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын ел болып атап өттік.
Жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырудың түпкі мақсатына тоқталды.
Осы орайда Мəдениет жəне спорт министрлігі өзге де мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, кешенді іс-шаралар легін өткізді. Бұл шаруаның бəрі қиын жағдайға қарамастан ел аумағы мен халықаралық деңгейде той тойлау үшін емес, азаматтардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани кемелденуіне бағытталды.
Абай - ұлт мақтанышы. Абай - даналық пен кемеңгерліктің алып шыңы. Хакім - заманы мен қоғамын ерте болжап, білім көкжиегіне көз жіберіп, кемел елдің келешегі тек білімде екенін насихаттаған кемеңгер тұлға.
Біздің жəне жастардың болашығына жарқын жол сілтейтін жарық сәуле хакім туындыларында тұнып тұр. Сондықтан ақын мол мұрасын зерттеп, көпшілікке ұсыну жұмысын жалғастыра береміз.
Бүгін осы мерейтой аясында Абай мен Əл-Фараби əлемін еңсеруге ерекше атсалысқан жандарды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс хатпен марапаттап отыр,- дей келе, Ақтоты Райымқұлова жиналғандарға Мемлекет басшысының Алғыс хатын оқып берді.
«Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлкен үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіремін.
Аталған мерейтойлар аясында қазақстандықтардың, әсіресе жас ұрпақтың санасына ұлы тұлғалардың өнегесін сіңіруге, тағлым алуға елеулі жұмыс жүргізілді. Бірқатар шетел халқын хакім Абайдың және ұлы ойшыл әл-Фарабидің мұрасымен қатар, отандық мәдениет пен өнердің жетістіктерімен таныстырудың зор мүмкіндігі туды.
Тәуелсіз Отанымызды өркендету жолындағы қызметіңізге толайым табыс тілеймін!»,-деп жазылған Президенттің Алғыс хатында.
- 22.02.2021
- 211