• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысында өңір тұрғындарымен тұрақты кездесулер жалғасуда.

Облыс әкімі Асайын Байханов Май ауданының тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу басында өңір басшысы ауыл тұрғындарына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Ол ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы оң өзгерістерді атап өтті.

Аудан экономикасында оң динамика байқалады - шамамен 18 млрд. теңге тартылды. Аудан мал шаруашылығы бойынша көш басында тұр және ет өндірісі бойынша 2 орында. Биыл майлы дақылдардың егіс алқабы 45,3%-ға ұлғайды. 14,6 мың га алқапта Қолыбай лиманды суару жүйесін реконструкциялау бойынша ЖСҚ әзірленуде. Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі - 97,8% құрайды. Нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі - 94,7 %.

Ауданның 22 ауылдық елді мекенінің ішінде ұялы байланыс сигналы әлсіз және интернет желісі төмен аймақта 8 ауыл бар.

Келесі жылы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жоспарлануда, бұл халқы аз ауылдарды жоғары жылдамдықты сымды интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2024 жылы Көктөбе ауылындағы Е.Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Келесі жылы Майтүбек пен Қаратерек ауылдарының мектептеріне, сондай-ақ, Баскөл ауылындағы Иманов атындағы мектепке күрделі жөндеу жоспарланған.

Ақшиман және Ақжар ауылдарында медициналық пункттердің құрылысы аяқталды. Соңғы екі жылда 176,6 млн. теңгеге 8 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды.

Асайын Байханов ауыл тұрғындарының бұған дейінгі тілек-өтініштерін ескергенін атап өтті.

- Кездесулердің бірінде сіздер Көктөбе ауылында бассейн салу туралы өтініш білдірген болатынсыздар. Бұл ұсынысты қолдап, құрылыстың басталуына 288,5 млн. теңге жоспарладық, - деді облыс әкімі.

Халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ауданда 35 пәтер сатып алынды, келесі жылы бұл тәжірибе жалғасатын болады.

Кездесу барысында аудан тұрғындары абаттандыруға, инженерлік коммуникацияларды жөндеуге және т.б. қатысты сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды.

Асайын Байханов аудан әкімі Қадылжан Сәтиевке келіп түскен барлық сұрақтарды шешудің оңтайлы нұсқасын табуды, аудан тұрғындарының көтерген мәселелерін бақылауға алуды тапсырды. Кездесу соңында өңір басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сонымен қатар, облыс әкімі аудандық орталық аурухананың дренаж жүйесінің құрылысын тексерді. Аймақ басшысы 2023 жылдың мамыр айында ғимаратты басып жатқан жер асты суларының мәселесін жою туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда мұнда жаңа дренаж жүйесінің құрылысы жүргізіліп, ғимараттың іргетасы нығайтылды және судың салдарынан бұзылған құрылымдар мен жертөле қабатының едені қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, Асайын Байханов тозу деңгейі 95%-ға жеткен Көктөбе ауылының жылу желісін қарап шықты. 2,7 км жылу құбыры жер асты суларында жатыр, бұл тұтынушыларға жылу беруді айтарлықтай төмендетіп, апатты жағдайлар жиі орын алуда.

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылы желінің осы учаскесі қайта жаңартылады, оған облыстық бюджеттен 255,8 млн. теңге бөлінді.

  • 11.12.2024
  • 72
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика