• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Баянауыл ауданында тұрғындармен тұрақты кездесу өтті.

Облыс әкімі Асайын Байханов тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді және ұсыныстарын тыңдады.

 

Ең алдымен, өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы айтарлықтай жоғары деңгейде екенін атап өтті. Биылғы жылы көптеген маңызды жобалар іске асырылды.

 

Экономикада оң динамика байқалады, 20 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, аудан көшбасшылардың қатарында. Ауыл шаруашылығында да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді: егіс алқабы 18,6 мың гектарды құрайды, мал басы 30%-ға өсті.

Биыл ауданның Сәтбаев, Мәшһүр Жүсіп, Ұзынбұлақ және Жаңатілек ауылдарындағы лиманды суару жүйелерін қайта жаңарту жұмыстары басталды.

Туристік әлеуетті дамыту үшін жыл сайын ауданның инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде, кезең-кезеңімен кірме жолдар мен ауылішілік көшелер жөнделуде.

Биыл Құндыкөл, Мұса Шорман, Қаражар, Бірлік, Ұзынбұлақ ауылдарында және Майқайың кентінде 28,2 км жол жөнделді.

Сондай-ақ, аудандық маңызы бар Теңдік-Ұзынбұлақ, Қаражар-Жұмат Шанин, Қарашат-Жаңа Жайма жолдарына 38 шақырымнан астам жаңа асфальт төселді. Бұл мәселемен соңғы жылдары ауыл тұрғындары бірнеше мәрте жүгінген болатын.

Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Сұлужон ауылының кірме жолын асфальттау жұмыстары басталды, 2025 жылы Жасыбай көлінің және Майкөбе мен Шөптікөл ауылдарының кірме жолдарын асфальттау жоспарлануда.

Аудан орталығында бассейні бар үлкен спорт кешені салынуда. Бүгінгі таңда ондағы жұмыстар 75%-ға аяқталды, құрылысты толықтай 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.

Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін ауданда биыл 3 медициналық пункт салынып, 4 бірлік санитарлық көлік сатып алынды.

Ауыл тұрғындарын толғандыратын тағы бір мәселе - бұл тұрақты ұялы байланыс және сапалы интернет. Ауданның 38 ауылдық елді мекенінің 10 ауылында ұялы байланыс сигналы әлсіз және интернет желісінің сапасы төмен.

2025-2027 жылдары «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында халқы аз 28 ауылды жоғары жылдамдықты сымды интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда: 2025 жылы - 12 ауыл, 2026 жылы - 7 ауыл, 2027 жылы - 9 ауыл.

Сондай-ақ келесі жылы Майкөбе, Александровка және Мұса Шорман ауылдарында ұялы байланыс мұнаралары орнатылады.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Бірлік ауылының жолдары жөнделіп, мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі, ал, Құндыкөл ауылының көшелері жарықтандырылып, мектебі жөнделеді. Жаңатілек ауылында 4,6 км ауылішілік жолдарға асфальт төселеді.

Аудан тұрғындары өңір басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.

Өңір басшысы Баянауыл ауданына жасаған сапары барысында «Майкөбен-Вест» ЖШС-не барып, кәсіпорынның алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларын және өңір тұрғындарының жұмыс жағдайларын талқылады.

Биыл халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған көмір көлемі 60 мың тоннаға ұлғайды.

Келесі жылы «Майкөбен Вест» ЖШС экспорт есебінен көмір өндіруді 2 есеге арттыруды жоспарлап отыр.

 

Асайын Байханов кәсіпорын қызметкерлерінің басым бөлігі Баянауыл ауданы мен Екібастұз қаласының тұрғындары екенін, сондықтан, кәсіпорынның дамуы мен өңір тұрғындарын жұмыс орындарымен қамтамасыз етуі өте маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, өңір басшысы компания басшылығына келер жылы жүк көліктері үшін техникалық жол салуды тапсырды.

- Біз жыл сайын облыс аудандарының ауылдық жолдарын жөндейміз, бұрын-соңды асфальтбетон төсемі мүлдем болмаған жерлерге жолдар салудамыз. Бұл маңызды жобалар және бұған бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлінеді, бірақ, олар біздің ауылдарымыздың болашағы үшін, оның тұрғындары үшін қажет. Өкінішке орай, мұндай жолдардың бір бөлігі ауыр жүк көліктерімен бұзылып жатыр, сондықтан, ауданда бұған жол бермеу үшін кәсіпорынның қажеттіліктері үшін қосымша жол салу қажет, - деді облыс әкімі.

  • 13.12.2024
  • 61
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика