- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО-да 2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізілуде
2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысымен таныстым. Орал қаласының аумағындағы су басу қауіпі бар аумақтарды аралап, салынып жатқан бөгет құрылыстары мен және қауіпті өзен аумақтарын нығайту жұмыстарын көрдім.
Бұдан бөлек, Сырым, Қаратөбе, Бәйтерек аудандарында да болып, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шараларын бақыладым. Көктемге барынша дайын болу керекпіз. Су тасқынының алдын алу шараларын сапалы жүргізуіміз маңызды. Қала, аудан әкімдері мен тиісті басқармалар мен мекемелер осы жұмыстарды уақытылы өткізуін тапсырамын.
Айта кетейін, Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу бойынша арнайы Жол картасы бекітіліп, оның аясында 23 іс-шара жоспарланған. Бұдан бөлек, көктемге дайындық жұмыстары күздің алғашқы айынан басталғанын атап өтемін.
- 13.12.2024
- 15