• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Абай ауданында инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыс жүріп жатыр

Абай ауданына басқарма басшыларымен бірге жасаған жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев білім, мәдениет және спорт нысандарын аралады. 1965 жылы салынған Қарауыл гимназиясын қайта жаңғыртуға «Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында «Қазақстан халқына» қоры 250 миллион теңге бөлді. Нәтижесінде STEM-зертханасы, робототехника, АRT-студиясы, телестудия, спорт залы және акт залын қосқанда 26 кабинет жаңартылды.

«Гимназиядағы жасалған жағдай жоғары стандарттарға сай. Біз барлық оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін мектептерді жаңғыртуды жалғастырамыз», - деді Жасұлан Сәрсебаев.

Қазір гимназияда 291 мектеп оқушысы білім алса, мектеп жасына дейінгі 38 бала тәрбиеленіп жатыр. Аудан атқамінерлері іргелес аумақта жаңа спорт кешені мен балалардың жазғы лагерін салуды да жоспарлап отыр. Сапар ауданда 2023 жылдың маусым айынан бері құрылысы жүріп жатқан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған орталықта жалғасты. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан әкім орынбасары нысанды мерзімінде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды. Жасұлан Сәрсебаев 500 орындық аудандық мәдениет үйінде де болды. Мекеме халық шығармашылығын дамыту, олардың бос уақытын тиімді өткізу және мәдени шараларды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Көкбай ауылында спорт модулінің құрылысы жүргізілуде. Аумағы 0,319 гектарды құрайтын нысанның аяқталуы 2025 жылға жоспарланған. Кеңгірбай би ауылдық округіне қарасты Қарашоқыда 1,4 гектарға балалар лагерінің құрылысы жүріп жатыр. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп көзделген. Жұмыс сапарын қорытындылаған Жасұлан Сәрсебаев тиісті басқармаларға нысандардың құрылыс барысын қадағалауды, сондай-ақ жұмыстардың мерзімі мен сапасын қатаң сақтауды тапсырды.

  • 17.12.2024
  • 40
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика