• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрметті жамбылдықтар!

Баршаңызды ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
1991 жыл 16 желтоқсан. Бұл асқақ арман ақиқатқа айналған, ел шежіресінде алтын әріппен жазылған айтулы күн.
Тәуелсіздік – толарсақтан саз кешіп, небір аласапыран, алмағайып кезеңдерді бастан өткерген бабалардың тәтті жеңісі. Бүгінгі ұрпақтың ең қымбат жемісі.
Биыл еліміздің еркіндіктің бесігінде тербелгеніне 33 жыл толып отыр. Әрине, тарих үшін бұл тым қысқа, тіпті қас-қағым сәт болып көрінуі мүмкін. Әйтсе де, осы өшпес жылдар белесінде «Мәңгілік елдің» іргетасы сапалы қаланды. Халқымыздың қайсарлығы мен ырысты ынтымағының арқасында қастерлі Отанымыз биікке өрлеп, әлем таныған іргелі мемлекетке айналды.
Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Тәуелсіздікті сақтау бұл – ең алдымен, тұтас ұлттың жауапкершілігі. Біз егемендікті тынымсыз еңбекпен, мызғымас бірлікпен күн сайын қорғауымыз керек. Ең бастысы, еліміздегі тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Себебі, тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер».
Бұл сөздердің астарында үлкен ой, терең мән жатыр. Елдігіміз бен берекелі бірлігімізді, баянды тірлігімізді көздің қарашығындай сақтау – баршамыздың асыл борышымыз!
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызға мерейлі мерекеде зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрып, тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап ата берсін! Әр азаматтың жүрегінде отанға деген мақтаныш оты сөнбесін!
Егемендігіміз мәңгі, елдігіміз берік болсын!

  • 17.12.2024
  • 80
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика