- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Бүгін бірқатар сала мамандарына марапат тапсырдым
Бүгін желтоқсанның үшінші жексенбісінде аталып өтілетін энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына және Тәуелсіздік күніне байланысты бірқатар ұстаздарға мемлекеттік марапаттар тапсырылды.
Облыс әкімдігінде энергетика мамандарымен өткен жиында жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап, барлық сала қызметкерлерінің үлесі бар екенін айтуға болады.
Энергетика - елдің дамуы мен өркендеуінің негізі. Экономиканың қай саласын да, тіпті халықтың күнделікті тұрмысының өзін жылу мен электрсіз елестету мүмкін емес. Осы орайда сала мамандарына облыс тұрғындарының атынан ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да маңызды міндеттерді сіздермен бірге нәтижелі орындаймыз деп сенемін.
- 17.12.2024
- 16