- Блогтар
- Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.
Абай облысының әкімі
Семей қаласы тұрғындарымен кездестім
Осы жылы облыстың барлық негізгі салаларында тұрақты өсім байқалды. Мәселен, құрылыс саласында бұл көрсеткіш 22,8%-ға, көлік саласында – 6,4%-ға, байланыс саласында – 15,8%-ға өсті. Тартылған инвестиция көлемі 471,6 млрд теңгені құрады. Оның 154,2 млрд теңгесі Семей қаласына тиесілі.
Тұрғын үй мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінуде. Биылғы жылдың 11 айында облыста 306,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызға артық. Бұл көлемнің басым бөлігі – 74,8 пайызы Семей қаласына тиесілі. Жалпы ауданы 57,7 мың шаршы метр болатын 832 отбасын баспанамен қамтамасыз ететін несиелік және жеке 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Халықтың түрлі топтарын қолдау үшін биыл 12,2 млрд теңгеге 911 пәтер сатып алынды. Сонымен қатар, 4 млрд теңгеге тағы 115 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табуда. 2026 жылға дейін облыста жалпы құны 20,6 млрд теңгені құрайтын 46 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, оның 33 жобасы биыл іске асырылды. Облыс орталығында 4 су құбыры нысаны іске қосылып, соның арқасында таза сумен қамтамасыз ету деңгейі 91,4 пайызға жетті.
Ағымдағы жылы жалпы құны 18,5 млрд теңгені құрайтын 28 жоба аясында 17 жылу көзінде 27,5 шақырым жылу желілері ауыстырылып, жұмыстар аяқталды. Осы шаралардың арқасында жылу желілерінің тозуы 64,2%-дан 59,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар, қаланың оң жағалау бөлігін қажетті жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жаңа ЖЭО-3 құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Көлік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартуға 15,1 млрд теңге бөлінді. Биыл облыста 241 шақырым жол жөнделді. Семейде құны 47,3 млрд теңгені құрайтын автокөлік көпірі қайта жөндеуден өтуде.
Цифрлық форматта әзірленген Семей қаласын дамытудың бас жоспары бекітілді. Облыс орталығын абаттандыруға 5,6 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың ішінде 62 аула және 4 қоғамдық орын қалпына келтірілді, соның ішінде Бейбітшілік аралындағы балалар темір жолы бар. Сонымен қатар жоспарға жеке инвестиция көмегімен аквапаркті қайта құру кіреді.
- 19.12.2024
- 12