- Блогтар
- Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.
Абай облысының әкімі
Семейдің шет аудандарын дамыту
Қаланың шеткері аудандары мәселелерін шешу үшін қысқа мерзімді жол картасы қабылданды. Бобровка және Мұрат саяжайларындағы электр желілерін жаңғырту мәселелері оң шешімін табуда. Массив аумағына 4500 бағана орнатылды. Кабель желілері тартылып, траншеялар қазылды, жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар, Мұрат саяжайында 4, Бобровка саяжайларында 6 транформаторлық қосалқы станция орнату жұмыстары жүргізілуде. Шығыс (оң) кенті аймағында (5, 6, 7 саяжайлар) электр желілерін жаңғырту жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 750 бағана орнатылды. Алдағы уақытта тағы 800 бағана орнату, ұзындығы 18 шақырым кабель тарту және 3 трансформаторлық қосалқы стансаларды жабдықтау жоспарлануда. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Бобровка кентінде су құбыры желілеріне магистральдық құбырлар тартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
- 19.12.2024
- 12