• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Абай жолы кітапханасы» жобасының ІІ шығарылымының таныстырылымы өтті

Абай облысында  «Абай жолы кітапханасы» ІІ шығарылымының таныстырылымы өтті. Жобаның бірінші сериясы аясында жалпы тиражы 8 мың дана болатын 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы тиражы 10 мың дана болатын 20 автордың шығармалары жарық көрді. Жоба Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, Семей өңірінің көрнекті тұлғалары мен ақын-жазушыларының мұрасын насихаттауға, сондай-ақ көркем әдебиет арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған. Кітаптар жинағына әр түрлі әдеби жанрларды қамтитын Семей өңірінің ақын-жазушылары мен суретшілерінің шығармалары кіреді. Кітапты оқуға қызығушылық танытқан оқырмандар бұл кітаптарды өңір кітапханаларынан, ал цифрлық нұсқасын ҚазҰЭК электрондық кітапханасынан тауып оқи алады.

Асыл ойдың иесі Хакім Абай «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп, келер толқынға насихат қылғанын жақсы білеміз. Бұл жоба – өңіріміздің ақын-жазушыларының еңбектерін жас буынға мұра ретінде сақтау үшін маңызды қадам деп білемін. Жаңа басылым баршамызға құтты болсын.

Өлке ақын-жазушыларының шығармаларын бағалау және басып шығару жөніндегі кеңесті «Абай облысының Құрметті азаматы», Шәкәрім университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Арап Еспенбетов басқарады.

Биыл аталған жоба аясында отандастарымыз А.Шәріповтың «Көргенім, көңілге түйгенім», Р. Нұрғалидің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романы, Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені», Б. Тілегеновтың «Қара жел», А. Еспенбетовтің «Абайды оқы, таңырқан...» т.б ақын-жазушылардың еңбектері бар. Астана қаласының «Фолиант» баспасы жазушылардың әрқайсысы 500 данадан тұратын 20 шығармасын шығарды (барлығы 10 000 дана). Жоба бес жылға есептелген. Іс-шарада театр әртістері кітап авторлары мен олардың шығармаларына арналған әдеби-көркем нөмірлерді ұсынды.

 

  • 19.12.2024
  • 51
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика