• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбылдық үздік жастар марапатталды

Ең үлкен өңіраралық бәсекелестік – талантты жастар үшін. Дарынды жастарды облыста ұстау, тұрақтандыру, өзге өңірлерден тарту үшін оларға жергілікті жерде барынша қолдау көрсету маңызды. Өңірдің үздік жастарын марапаттау салтанатында осылай деген аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев бұл бәсекелестікте Жамбыл облысының әлеуеті зор екенін, түрлі қолдау шаралары ұйымдастырылып жатқандығын жеткізді.

Шара барысында Ербол Қарашөкеев түрлі салада жыл бойы жемісті еңбек еткен жастарға «Әулиеата үздігі» сыйақысын және түрлі жобалар бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстады.

- Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында», – деп сенімді баға берген болатын. Бұл сөз білімі ерек, ойы ұшқыр, талабы мықты жастардың қатарын арттырып, олардың ұранына айналды десек қателеспейміз.

Еліміздегі әрбір игі бастамалардың барлығы жастардың кемел келешегіне негізделген. Сіздер еңбек пен білімді, ар мен намысты, Отан алдындағы парызды ту етіп ұстасаңыздар алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ деп есептеймін. Жастық жігерлеріңіз жалындай берсін! – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев 2025 жылы өңірде «Тараз - кітап оқитын қала» жобасы қолға алынатынын атап өтіп, игі бастамаға барша жамбылдық жастың қолдау көрсететініне сенім білдірді. Сонымен бірге 10 мыңнан астам еріктінің ерен еңбегіне алғыс айтты.

Бұдан соң үздік жастарға облыс әкімінің «Әулиеата үздігі» сыйақысы табысталды.

«Үздік жас ақын» номинациясы бойынша облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Арайлы Жақсылық, «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша «Еуразия» бірінші арнасы телеарнасының тілшісі Ұлдана Жұбай, «Үздік жас педагог» номинациясы бойынша Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Дәурен Естаев, «Үздік жас спортшы» номинация бойынша ҚР спорт шебері Бексұлтан Боранбай, «Үздік жас медицина саласының маманы» номинациясы бойынша Жамбыл аудандық орталық ауруханасының аға мейірбикесі Бикен Аманғалиқызы, «Үздік жас өнер саласының маманы» номинациясы бойынша К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Дидар Басықараев, «Үздік жас құтқарушы» номинациясы бойынша Тараз қаласы №20 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Байдаулет Дусейнов, «Үздік жас құқық қорғау қызметкері» номинациясы бойынша облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құндызай Бөгенбаева, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша Талас ауданы әкімдігінің сектор меңгерушісі Батырхан Төмешбай, «Үздік жас өндіріс саласының маманы» номинациясы бойынша «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің аға зертханашысы Салтанат Займанова, «Үздік жас өнертапқыш» номинациясы бойынша канадалық «MaintainX» Старт АП компаниясының қызметкері Мұхтарәлі Әбуәлі марапатталды.

Салтанатты шарада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Атап айтқанда, ғылым бағыты бойынша Дәулет Жаманқұл, Шынар Тоқтамыс, мәдениет бағыты бойынша Аяна Ким, Ақарыс Сайлау, ақпараттық технологиялар бағыты бойынша Әлихан Әділ, Мерей Жолдасбек, бизнес бағыты бойынша Патима Байтұрсын, Азамат Немелбек, медиа бағыты бойынша Мерей Бает, Ерқасым Әбдірахман 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Айта кетейік, Жамбыл облысы халқының 29,1 пайызын жастар құрайды. Биыл 23 758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Жасыл ел» жобасы аясында 2 000 жас маусымдық жұмысқа орналасты.

344 жастың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант берілді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 326 жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.

Өткен жылы «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 144 жасқа баспаналы болу бақыты бұйырса, биыл 140 жас отбасыға пәтер кілті табысталады. Аталған бағдарлама келесі жылы да жалғасын табады.

  • 19.12.2024
  • 66
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика