- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысында негізгі экономикалық индикаторлар жоспары орындалды
Жетісу облысында биылғы жылдың он бір айында негізгі индикаторлар бойынша жоспар орындалды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,3% құрады.
Салалар бойынша ауыл шаруашылығындағы өсім – 3,7% немесе 405,3 млрд. теңге, өнеркәсіпте – 3,6% немесе 310,5 млрд. теңге, тұрғын үйді пайдалануға беру 4,4%-ды құрады инемесе 283,7 мың ш.м., құрылыс жұмыстарының көлемі 1,4 есеге, сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды.
Жыл басынан бері облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 291 млрд. теңге. Жалпы мемлекеттік бюджетке 286 млрд. теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет 1,6 есе өсіп, 106 млрд. теңгеге жетті.
- 19.12.2024
- 48