- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,3 % жетті
Биыл Жетісу облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 91,3% жетті, бұл халық санына шаққанда – 99,7 %.
Биыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне Алакөл ауданындағы Тоқжайлау, Бибақан ауылдары қосылды, 298 км желі жөнделіп, облыстың 17 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды.
Жалпы 2023-2024 жылдары 125,3 км сумен жабдықтау желілері салынып, 306,8 км желілер қайта жаңғыртылды.
2025 жылға 13 жобаны іске асыру үшін 4,3 млрд. теңге бөлінді. 2025 жылдың қорытындысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% жетеді немесе 331 елді мекен қамтылады.
- 19.12.2024
- 35