• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Абай облысында 249 мың адам спортпен шұғылданады

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Абай облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, өңір азаматтары, БАҚ өкілдері, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты.

Кездесуде Ербол Мырзабосынов министрліктің биылғы жұмысы, туризм, спорт және ойын бизнесі саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Қазіргі таңда елімізде спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны 510 мың адамға өсіп, 8 миллионға жетті. Бұл – ел халқының 40,4%-ы. Ауылдық жерлерде 3 миллион адам спортпен айналысады. Ал Абай облысында бұл көрсеткіш 41,8%-ға, яғни 249 мың адамға тең. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің саны 24 мыңнан (12,8%) асады.

«Модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт объектілерін салу арқылы жергілікті жерлерде, соның ішінде ауылдарда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда. Абай өңіріндегі Ақсуат, Қайнар, Шүлбі ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Үржар ауданында балалар спорт мектебінің жүзу бассейні пайдалануға берілді. Демеушілер есебінен Семей қаласында «Әлем» спорт кешені мен BURA жекпе-жек залы салынды. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бородулиха ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Таскескен ауылында спорт модулінің құрылысы аяқталды», - деді Ербол Мырзабосынов.

Министрлік «Дене шынықтыру және спорт мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Мәжіліс бірінші оқылымда заң жобасын мақұлдады. Сондай-ақ дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (E-Sport) іске асыру аясында Министрлік пилоттық режимде негізгі 3 модульді іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен әдіскерлер туралы бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың «электронды күнтізбесі» және объектілердің тізілімі.

Министр еліміздің бірегей табиғаты мен бай мәдени мұрасын, туристік мүмкіндігін толық пайдалану керек екенін айтты. Жалпы, облыста туристік бағытта ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Ibis Elimai Semey Hotel 4 жұлдызды қонақ үй кешенінің, Silkway қонақ үйінің, туристік объектілердің, этноауыл туристік кешенінің, Eastwood Resort қонақ үйінің құрылысы жүріп жатыр.

Алакөл көлінің курорттық аймағы бағытында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары жоспарланған.

Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов заңсыз ойын бизнесі және лудоманиямен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.

Биыл 31 мамырда заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Ойын автоматтары мен лотерея терминалдарын әкелуді лицензиялау, заңсыз құмар ойындардың жарнамасын шектеу шаралары, лудомандар мен олардың жақындарына онлайн-қолдау көрсету енгізіледі. Құмар ойындарға және бәс тігуге үнемі қатысатын азаматтардың санын 350 мыңнан 200 мың адамға дейін азайту жоспарлануда.

Құмар ойындардан өзін шектеу қызметін цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі таңда 170 мыңнан астам адам eGov mobile қосымшасы арқылы құмар ойындарға өз еркімен қатысуын шектеді. Бұған дейін азаматтар 6 айдан 12 айға дейін шектей алатын еді. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды.

Министр есеп беру кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

  • 19.12.2024
  • 65
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика