• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Мырзабосынов Абай облысындағы спорт нысандарын аралап, жаттықтырушылармен кездесті

Абай облысына жұмыс сапарымен келген Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірдегі спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Министр өңірдің спорт инфрақұрылымын жақсарту және дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды көрді.

Ербол Мырзабосынов ең алдымен 2020 жылы пайдалануға берілген «Арена» мәдени-спорт кешеніне барды. Бұл кешенде балаларға баскетбол, футбол, теннис, су поло және жүзу сияқты спорт түрлерімен еркін айналысуға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мұнда заманауи жабдықтар, кең әрі ыңғайлы алаңдар бар, бұл балалардың спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіндік береді.

Сондай-ақ өңірдегі жаттықтырушылармен кездесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, жергілікті мамандардың жұмыс шарттары мен мәселелерін назарға алды.

Министр жаттықтырушылармен кездесуде олимпиадалық резервті даярлау мәселесінің маңыздылығын атап өтті. Бұл мәселе Қазақстанда жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындауға кедергі келтіруде. Министр мәселені шешу үшін болашақта арнайы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, ол жаттықтырушылардың біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталып, оларды үздіксіз білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Спорттық медицина саласына да көп көңіл бөлінуі керектігін, оның спортшылардың денсаулығын сақтау және тиімді жаттығу процесін ұйымдастыру үшін маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Бұдан әрі министр Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласындағы №1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Мұнда балалар бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, велоспорт, таэквондо (WT, I.T.F), спорттық және жауынгерлік самбо, сондай-ақ волейбол секілді спорт түрлерімен айналысады.

«Қазіргі таңда Абай облысында жазғы және қысқы олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық та арта түсуде. Қыркүйек айында елордамызда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткенін жақсы білесіздер. Абай облысының спортшылары 3 алтын және 2 күміс медальді еншіледі. Келесі жылдың басты спорттық оқиғаларының бірі – Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындары. Бүгінде спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан құрамасынан 6 спорт түрінен 139 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Соның ішінде Абай облысынан 4 спортшы, атап айтқанда биатлоннан – 2, шаңғы жарысынан 2 спортшы қатысады», - деді Ербол Мырзабосынов.

  • 19.12.2024
  • 63
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика