• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тарбағатайда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға қоғам белсенділері, өңір азаматтары, БАҚ өкілдері, өңірлік спорт федерацияларының басшылары, туризм саласының кәсіпкерлері, спортшылар қатысты.
Кездесуде Ербол Мырзабосынов министрліктің биылғы жұмысы, туризм, спорт және ойын бизнесі саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Жыл өткен сайын елімізде спорт және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны артып келеді. Мәселен, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 305 мың адам спортпен белсенді түрде шұғылдануда. Облыстағы балалар мен жасөспірімдердің 32,7 мыңнан астамы дене шынықтыру және спортпен қамтылған.

Сондай-ақ мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Министр өңірде мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыруды тексеру кезінде заң бұзу фактілері анықталғанын, жеткізушілер алдын ала іріктеусіз тегін секцияларға бару үшін кезекке жазылуына жол берілгенін атап өтті.

Осыған байланысты Ербол Мырзабосынов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру кезінде өнім берушілерді іріктеуді қамтамасыз етуі қажет екенін еске салды.
Шығыс Қазақстан облысында да модульдік үлгідегі жылдам салынатын спорт объектілерін салу арқылы ауылдар мен қалаларда спорт инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті әкімдік Көлік министрлігімен бірлесіп Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежай салу үшін орындар белгіледі. Әуежай құрылысы өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді», - деді Туризм және спорт министрі.

Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов заңсыз ойын бизнесі және лудоманиямен күрес бойынша атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.

Биыл Мемлекет басшысы ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Бұл заң азаматтардың сауаттылығын арттыру, сапалы медициналық көмек көрсету және мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы лудоманиямен күресуге бағытталған. Заңда мемлекеттік және әскери қызметшілерге, сондай-ақ Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған адамдарға құмар ойнауға және бәс тігуге тыйым салу көзделген.

Интернет-казино қызметін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланған. Сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға шектеулер енгізу, құмар ойындар мен бәс тігу жарнамаларын SMS арқылы жіберуге тыйым салу қарастырылған.

Министр есеп беру кездесуінен кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

  • 20.12.2024
  • 58
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика