• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбылдық 71 педагог халықаралық, республикалық бәсекелерде жеңімпаз атанды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мектеп және колледж ұстаздарымен кездесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Облыс әкімі еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай тер төгіп жүрген ұстаздарға алғысын білдірді.

- Ұстаздық өте жауапты, ел дамуы мен болашағына елеулі үлес қосатын мамандық иесі. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп мұғалімнің тәрбиесі мен өнегесі шәкірт болашағының түп қайнары екеніне көңіл аударған. Расында, жақсы ұстаздан тәлім-тәрбие алған баланың болашағы жарқын болары анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласының сапасын арттырып, заман талабына сай болуына жіті назар аударып келеді. Бұл маңызды бағыт бойынша өңірде де ілкімді істер атқарылуда, — деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев мектеп оқушылары мен ұстаздардың толайым жетістіктеріне тоқталып өтті.

Өңірде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленген 6 педагог бар, оның үшеуі бұл жоғары марапатқа биыл ие болды.

Ағымдағы жылы халықаралық, республикалық бәсекелерде 71 педагог жеңімпаз атанды. Белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаев атындағы және IMPACT ашық шығармашылық байқауында өңір ұстаздары командалық есепте республикада I орынды, республикалық «Математикалық регата» байқауында командалық ІІІ орынды иеленді. «Үздік әдіскер», «Үздік сынып жетекші» сайыстарында топ жарды. Сондай-ақ 8 педагог «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы атанды.

Аймақта соңғы 13 жылда «Үздік педагог» атағын иеленген 51 педагогтің он тоғызы ауыл мектептерінде қызмет етеді.

Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 15-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алса, республикалық олимпиадада «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды. Еліміз бойынша PISA зерттеуінің қорытындысына сәйкес І орынды иеленді.

Кездесу барысында Ербол Қарашөкеев білім беру саласындағы елеулі жетістіктері үшін бірқатар педагогті марапаттады.

Атап айтқанда, «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының облыстық кезеңінің 6 жеңімпазына қаржылай сертификат (300 АЕК көлемінде) берілді.

5 мұғалім «Жамбыл облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» құрметті атағы мен төсбелгісінің иегері атанды. Олар да арнайы сертификатқа ие болды.

Жиналғандарға облыс әкімінің құттықтау хаты табыс етілді.     

Басқосу барысында «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі Наталья Волотько, республикалық «Үздік педагог-2024» байқауының жеңімпазы, Шу ауданы С. Сейфуллин атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Мереке Кенжебекова сөз сөйледі.

  • 20.12.2024
  • 84
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика