- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Жамбыл облысында биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге бөлінген қаржы 1,2 есеге артты
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысына қатысты.
Өңір басшысы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аймақтық Жол картасы аясында атқарылған жұмыстардың есебін берді.
Ағымдағы жылдың 10 айында аймақтың ауыл шаруашылығы саласына 24,6 млрд. теңге субсидия бөлініп, 14,9 млрд. теңге инвестиция тартылды.
626,7 мың гектар егістік алқабынан 3,6 млн. тонна өнім жиналды. 29,1 млн. АҚШ доллардың 151,4 мың тонна ауыл шаруашылығы тауарлары эскпортталды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2024 жылдары 25,5 млрд. теңгеге 38 ауылдық округте 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. 152,2 мың бас мал сатып алынды.
Шағын және орта бизнестің (ШОБ) 1 156 жобасы қаржыландырылды. Қаржы институттары арқылы 38,6 мың кәсіпкерге несие берілді. Нәтижесінде ШОБ субъктілері шығаратын өнім көлемі 23,9 пайызға артты.
Биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 46,3 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық (2023 ж. - 36,3 млрд. теңге).
Мемлекет басшысының «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасы бойынша кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын қолдау есебінен 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды (жоспар - 8,8 мың).
Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 64 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 45,9 мыңы тұрақты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49,8 мың жамбылдық тартылды (жоспар 47 951). Олардың арасында 2,2 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар.
635,7 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазір 3 709 пәтерлі 78 тұрғын үй салынып жатыр, жыл соңына дейін 2 024 пәтер (41 тұрғын үй) қолданысқа беріледі.
Облыста көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 млрд. теңгеге 1 575 пәтер сатып алынды.
Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға бюджеттен 2 есе көп қаражат бөлінді: 2023 жылы – 23,2 млрд. теңге, 2024 жылы – 40,8 млрд. теңге.
Жалпы құрылыс және сатып алу есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 1 963 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75 пайызға артық. Сонымен бірге «Әулие ата жастары» жобасы аясында 140 жас отбасыға баспанаға ие болады.
710 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл қортындысына сәйкес жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99 пайызға, көше-жол желісі 87 пайызға дейін артады.
Облыстың автобус паркі 155 жаңа қоғамдық көлікпен толықты.
37 ауылдық елді мекен тіршілік нәрімен қамтамасыз етіліп, 10 ауылдың ауыз су жүйесі қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,1 пайызды құрайды.
Ербол Қарашөкеев әлеуметтік салада атқарылған жұмыстарға да тоқталды.
Облыста 36 білім беру нысаны (10 600 орындық) салынып жатыр. Бүгінге дейін 13 білім ошағы, оның ішінде үшеуі «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды қолданысқа беру көзделіп отыр. Нәтижесінде 7 оқу орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен және 2 апатты мектептің мәселесі шешіледі. Ағымдағы жылы 10 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтті.
Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд. теңге, атап айтқанда, 215 мектепті жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтауға 1,9 млрд. теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1,2 млрд. теңге бөлінді.
21 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 2 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт ашылды. 2 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті.
18 бірлік техника мен 38 санитарлық көлік сатып алынып, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 96,7 пайызға жетті (2023 ж. - 91,9%).
Сондай-ақ аймақта 6 мәдениет нысаны, 5 денешықтыру-сауықтыру кешені мен 103 спорт алаңы ел игілігіне берілді.
Облыс әкімі әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау, облыстың экологиялық жағдайы туралы хабарлап, атқарылған іс-шараларды жіпке тізді.
Кеңес барысында Жамбыл облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері облыс әкімі мен басқарма басшыларына сауалдарын жолдап, нақты жауап алды.
- 20.12.2024
- 9