• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Екібастұзда жаңа «САМҒАУ» балалар шығармашылығы орталығы ашылды.

Екібастұзда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылдың тамыз айында кеншілер қаласына келген кезінде берген тапсырмасы бойынша салынған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанаты өтті.

Жоба Павлодар облысының екі ірі өнеркәсіптік компаниясының: ERG және KazMineralsBozshakol топтарының демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Жобаның жалпы құны 5,3 млрд. теңге.

Жаңа нысанның жұмысы Екібастұз қаласының балаларын қосымша білім берумен қамтуды 70%-ға немесе 16 мыңнан астам оқушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы ауданы 7200 шаршы метрді құрайтын заманауи орталықта 9 мыңнан астам бала, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар 12 бағыт бойынша қосымша білім алуға, уақыттарын қызықты өткізуге, өз-өздерін дамытуға мүмкіндік алды. Орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларға толықтай бейімделген, лифт және көтергіш құрылғылармен, тифло- және сурдоқұрылғылармен жабдықталған.

- Мен бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынған жаңа инновациялық «Самғау» балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысқаныма өте қуаныштымын. «Самғау» кеншілер қаласының балалары мен жастарын тартатын орталық болатынына сенімдімін. Бұл сіздер үшін жаңа достар табуға, үйренуге және дамуға, сондай-ақ, уақыт өткізуге болатын екінші үйлеріңіз болсын, - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, Асайын Байханов балалар мен жастардың үйлесімді дамуы үшін аса қажетті жобаны іске асыруға және нысанның құрылысына қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

Ғимараттың бірінші қабатында би залы, театрдың жаттығу залы, жеке вокал мен музыка сабақтарына арналған бөлмелер және 275 орындық үлкен аудитория орналасқан. Балалар орталық жұмысының шығармашылық бағыттарынан хореография (халықтық, заманауи және классикалық билер), театр өнері, вокал және хор әні немесе аспаптық шеберлік (домбыра, қобыз, гитара, мандолина, дауылпаз, асатаяқ, шертпе) бойынша сабақтарды таңдай алады.

Екінші қабатта жасыл технологиялар орталығының ғылыми-биологиялық зертханасы (гидро және экопоника) және ландшафттық сәулет пен флористикалық дизайн студиялары, сондай-ақ, пікірталас орталығы, медиа орталық (дыбыс жазу студиясы, телестудия, фотография академиясы, жас блогер студиясы, коворкинг орталығы) және сән студиясы (макияж және костюм суретшісі, интерьер дизайны) орналасқан.

Үшінші қабат толығымен робототехника және компьютерлік модельдеу, ғарыштық радиобайланыс және радиотехника клубтарын, СТЭМ және ЛЕГО зертханаларын, ҰҰА клубын (ұшқышсыз ұшу аппараты) қоса алғанда IT-технологияларға, сондай-ақ, балалар пішім мен тігінді, модельдеуді, керамиканы, бейнелеу өнерімен аспаздық өнерді үйренуге мүмкіндік беретін көркемдік-қолданбалы блокқа берілді.

Сонымен қатар, орталықта ата-аналар мен балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті, үстел теннисіне арналған аймақтар, емдік дене шынықтыру және жаттығу залы жұмыс істейтін болады.

Балалар да, ата-аналар да орталықтың ашылуына және әртүрлі тегін сабақтардың болғанына қуанышты.

- Балаларымыздың жаңа нәрсені үйреніп, білім алулары үшін қаламызда осындай орталықтың ашылуын асыға күттік. Біздің өтінішімізді тыңдап, қала үшін, балалар үшін және олардың болашағы үшін осындай орталық салуға тапсырма бергені үшін Президентімізге өте ризамыз. Атсалысқан барша жанға алғыс білдіремін. Шығармашылық үйірмеге жазылуды жоспарлағанбыз, бірақ, мұнда көптеген қызықты үйірмелер бар екен, енді басқа да бағыттарды көруді ойлап отырмыз, – деп Екібастұз қаласының тұрғыны Аяна Смағұлова өзінің қуанышымен бөлісті.

Нысанның құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталып, 2024 жылы аяқталды. Орталықта жұмыс істеуге 50-ден астам қосымша білім беру педагогтары тартылды.

Бүгінгі таңда өңірде өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы үшін барлық жағдай жасалуда. Бұған дейін 800 балаға арналған шығармашылық орталық Ертіс ауданында ашылған болатын. Қыркүйек айында Павлодар қаласында «Алтын сақа» балалар шығармашылығы және демалыс орталығы ашылды.

Сонымен қатар, алдағы үш жылда Успен, Шарбақты және Павлодар аудандарында Павлодар Ертіс өңірі оқушыларының қызығушылықтары мен таланттарын дамыту үшін кең мүмкіндіктер беретін өнер мектептерін салу жоспарлануда.

  • 20.12.2024
  • 57
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика