- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Павлодар облысының әкімдігінде өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен меморандумға қол қойылды.
2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңде өз өнімдеріне белгіленген бағаны қамтамасыз ету туралы меморандумға облыстың 7 сүт өңдеу кәсіпорны, сондай-ақ, 3 жылыжай кешені қол қойды.
Кәсіпорындар өз өнімдерін әлеуметтік дүкендерде, сондай-ақ, «Жайлау» базарында және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде 15%-дан аспайтын үстемеақымен сату бойынша міндеттеме алды. Осылайша, 1 литр 2,5% сүттің бағасы 385 теңгеге дейін, қияр - 1100 теңгеге дейін және қызанақтың 1 келісі үшін 850 теңгеге дейін белгіленді.
Өңір басшысы Асайын Байханов облыс халқының өндірілетін өнімге деген қажеттіліктерін барынша қамтамасыз еткендері және бағаның негізсіз өсуіне жол бермегендері үшін кәсіпкерлерге алғысын білдірді.
- Еңбектеріңіз бен әлеуметтік жауапкершіліктеріңіз үшін рахмет. Жыл сайын бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында біз өңірдің фермерлерімен және тауар өндірушілерімен меморандум жасаймыз, бұл облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қолжетімді бағасын сақтауға мүмкіндік береді, - деді облыс әкімі.
Меморандумға қол қойған барлық өндірушілер мемлекеттік қолдауды алушылар болып табылады. Мәселен, сүтті қайта өңдеушілерге қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялау бағдарламасы бойынша терең қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға 2024 жылы 1,4 млрд. теңге бөлінді. Өңірдің жылыжай кешендеріне 2023-2024 жылдар кезеңінде минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары 116 млн. теңгені құрады.
- 20.12.2024
- 15