• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Успен ауданында тұрғындармен тұрақты кездесу өтті.

Өңір басшысы Асайын Байханов Тимирязев ауылында тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдап, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Облыс әкімі ауданда барлық экономикалық макро көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті. Ауыл шаруашылығында жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Салаға 4,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, аудан өсімдік шаруашылығы бойынша екінші орында, сондай-ақ, ет өндіру мен дәнді дақылдарды жинау бойынша да үздік үштіктің қатарында.

Ауылдық елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97% құрайды. 2024 жылы Қаратай және Вознесенка ауылдарында су құбырының құрылысы аяқталды. Успен ауданының тұрғындарын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін келесі жылы Ольховка, Надаровка, Травянка және Дмитриевка ауылдарында кешенді су тазарту қондырғыларын орнату жоспарлануда.

Аудан жолдардың нормативтік жағдайы бойынша да көшбасшылардың бірі. Биыл аудандық маңызы бар 36 км 13 жол жөнделді.

Ауыл тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, келесі жылы Ковалевка, Қызылағаш, Қозыкеткен, Таволжан ауылдарының ауылішілік жолдарын, сондай-ақ, Қаратай ауылының ауылішілік көшелерін орташа жөндеу жоспарланған.

Ауданда тағы 7 шақырымға жуық кірме жолдар мен 114 шақырым ауылдық елді мекендердің көшелерін жөндеу қажет.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қоңырөзек ауылының Павлов мектебіне, 5,3 км алты ауылішілік жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Келесі жылы Ковалевка және Қаратай ауылдары қамтылып, Ковалевка орта мектебі мен 4,5 км ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жүргізіледі.

Ауданда әлеуметтік сала да қарқынды дамып келеді. Биыл денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағдарламасы бойынша салынып жатқан 30 ауылдық медициналық мекеменің 5-і Успен ауданында бой көтеруде.

Бүгін Тимирязев ауылында жаңа медициналық пункт ашылды, жыл соңына дейін Қаратай, Ковалевка, Қозыкеткен, Қызылағаш ауылдарында осындай медициналық мекемелердің құрылысы аяқталады.

Жыл соңына дейін Успен ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, келесі жылы бассейннің құрылысы басталады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін биыл облыстық бюджеттен 15 пәтер сатып алуға қаражат бөлінді.

Өңір басшысы аудан басшылығына қысқа мерзімде құрылысты аяқтап, кезекте тұрғандарға көптен күткен баспаналарын беруді тапсырды.

  • 20.12.2024
  • 56
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика