• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысында асыл тұқымды құс репродукторы мен бройлер етін өндіретін құс фабрикасы салынады

Алматы облысында жалпы инвестиция көлемі 160 млрд. теңгеден асатын, 5 мыңдай жұмыс орны құрылатын асыл тұқымды құс репродукторы мен бройлер етін өндіретін құс фабрикасы салынады. 

Меморандумға сәйкес Іле ауданының аумағында 43 млрд теңге инвестиция салу арқылы жылына 160 млн жұмыртқа инкубациялайтын асыл тұқымды түрлендіргіш кәсіпорнын салу жоспарланған. Бұл жобаның 1 және 2-кезеңін 2021 жылдың қазанына дейін іске қосу көзделген. Сол сияқты жалпы инвестиция көлемі 117 млрд теңге болатын, жылына 120 мың тонна бройлер етін өндіретін құс фабрикасын салу межеленіп отыр. Жоба өзінің толық қуатына 2027 жылы шығады деп жоспарланған.

«Aitas KZ» АҚ-ның атқаратын қызметіне тоқталып өткен акционерлік қоғамның бас директоры Серік Толықпаевың айтуынша, компания елдің тұрақты дамуына негіз болатын бизнес саласын ілгерілету үшін жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы да ұмытпайтындарын айтты. Індет кезінде қажетті көмек көрсетіп, білім беру саласының дамуына үлес қосқан.

Алматы облысына тек өткен жылдың өзінде шамамен 700 млрд. теңгенің көлемінде инвестиция тартылған. Бүгінгі күні Алматы облысының инвестициялық портфелінде құны 5,4 трлн. теңге болатын, 44 мың жұмыс орны құрылатын 546 жоба бар. Осы орайда облыс құс еті мен жұмыртқа өндіруде елімізде көшбасшы саналатынын айта кету керек. Ал құс етін экспортқа шығару соңғы үш жылда 2 есеге көбейді. Бүгінгі жоба құс өсіруді одан әрі дамытып, құс шаруашылығы өнімдерінің эскпорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.  

Атап өтсек, «Аitas KZ» АҚ-ның құрамында «Кус&Вкус» брендімен құс етін өндіретін танымал Өскемен құс фабрикасы мен Макинск құс фабрикасы да бар. «Aitas KZ» АҚ - құс еті нарығындағы  үлесі 30%-ға жететін жергілікті өндірушілер арасында көшбасшы кәсіпорындардың бірі.

Өткен жылы Алматы облысында Іле ауданында «Наурыз Агро» құс фабрикасы іске қосылып, жылына 32 млн. дана инкубациялық жұмыртқа шығарса, Ұйғыр ауданындағы «OTAN GreenFood» құс фабрикасы жылына 30 мың тонна құс етін өндіреді. Етті бағыттағы «Прима құс» ЖШС қуаты 37 мың тонна болатын құс фабрикасының құрылысын бастамақ.

  • 22.02.2021
  • 234
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика