• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аққулы ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесу өтті.

Өңір басшысы Асайын Байханов Тілектес ауылында тұрғындармен кездесіп, 2025 жылы ауданда жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды және ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып келеді. Тартылған инвестиция көлемі 10 млрд. теңгені құрайды. Ауданның негізгі даму бағыты ауыл шаруашылығы болып табылады. Биыл мал басының өсімі байқалады және суармалы жерлердің көлемі 7 мың гектарға дейін ұлғайды.

Биылғы жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарақала ауылының «Айгөлек» балабақшасы және жалпы ұзындығы 4,5 км болатын 4 көшесі жөнделді.

Аудандағы ауылдық денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін Шақа, Жабағылы және Тілектес ауылдарында 3 медициналық пункт салынды, жыл соңына дейін осындай медициналық мекемелерді Қазы, Қазантай, Тақыр ауылдарында да пайдалануға беру жоспарлануда.

2025 жылы аудандық аурухананың жылу және сумен жабдықтау, кәріз және желдету желілері жөнделеді.

Аудан тұрғындары 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етілген, алайда, биыл аудан орталығындағы сумен жабдықтау желісінің тозу мәселесі туындады. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша бұл мәселені кешенді түрде шешу үшін 2025 жылы су құбырының жаңа тармағын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жергілікті билік жобаны әзірлеу бойынша тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Биыл облыстық бюджеттен бөлінген бонустық трансферт есебінен Қызылқоғам, Әйтей, Жабағылы, Тұтағаш, Тақыр, Шәмші, Бесқарағай, Майқарағай, Шақа, Қазантай сияқты 10 шағын ауылда шағын футбол және балалар ойын алаңдары орнатылды. Аудан орталығында 2 көше жарықтандырылып, волейбол, футбол және баскетбол алаңдары бар «Жігер» спорт алаңы салынды. Аудан мектептерінде оқу жағдайларын жақсарту үшін 6 мектептің қазандықтары жаңартылды. Келесі жылы Шарбақты ауылының мектебін күрделі жөндеу жоспарлануда.

Келесі жылы Қазы, Ямышев, Жамбыл, Жаңатан, Әйтей ауылдарындағы электр желілерін жөндеп, Шарбақты мен Тұтағаш ауылдарында жаңа трансформаторлық станциялар орнату жоспарлануда.

Жол инфрақұрылымының жай-күйін жақсарту үшін 2025 жылы Аққулы-Қазы-Майқарағай және Қарақала-Қазы-Баймолдин аудандық маңызы бар 17,3 км жолды, сондай-ақ, Жамбыл, Жаңатан, Әйтей ауылдарының кірме жолдарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Тілектес ауылының тұрғындары бірнеше жылдар бойы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектеп салу мәселесін көтерген болатын. Бұл ұсыныс қабылданып, 20 балаға арналған шағын орталығы бар, жалпы 90 оқушыға арналған мектеп ғимаратының  құрылысы басталды. Оны келесі оқу жылының басына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

  • 24.12.2024
  • 48
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика